tooth [tuːθ] n (pl teeth [tiːθ]) 1.тіс ♦I've just had a tooth out at the dentist's. – Қазір ғана тіс дәрігері тісімді жұлды. ♦to brush/clean your teeth – тісін щеткалау/ тазалау ♦tooth decay – тістің шіруі ♦She answered through clenched teeth. – Ол тістене/ ыздия жауап берді. ♦The cat sank its teeth into his finger. – Мысық оның саусағын тістеп алды. ♦She had to have a tooth pulled. – Ол тісін жұлдыртты. 2.тіс, ұш, жүз (араның, тегершіктің, тсс) ♦the teeth on a saw – ара тістері ♦The teeth of the cog should fit into these grooves. – Тегершіктің (шестерня) тістері науаларға/ ойықтарға дәл түсуі керек. 3. (idm) *armed to the teeth «тісіне дейін қаруланған», қаруы көп, өте жақсы қаруланған *bare your teeth (ызалана) тісін ақситу ♦The dog bared its teeth and growled. – Ит тісін ақситып ырылдады. *by the skin of your teeth [қ-з: skin (A10)] *cut your teeth on smth «тіс жару, тісі шығу», еңбек жолын алғаш бастау ♦She cut her teeth on local radio. – Ол еңбек жолын жергілікті радиода бастады. *cut a tooth (сәби ж) тіс жару, тісі шығу *an eye for an eye (and a tooth for a tooth) [қ-з: eye (A7)] *fight tooth and nail [қ-з: fight (A7)] *get the bit between your teeth (informal) құлшына/ беріле жұмыс істеу *get your teeth into smth (informal) талмай әрекеттену/ еңбектену/ талпыну ♦Choose an essay topic that you can really get your teeth into. – Эссе үшін өзіңді шынымен де қызықтыратын тақырып таңда. *give your eye teeth for smth/to do smth (BrE, informal) бірнәрсе үшін не болса да беруге дайынмын ♦I'd give my eye teeth to own a car like that. – Бұндай машина үшін ештеңе аямас едім. *gnash your teeth [қ-з: gnash] *grit your teeth [қ-з: grit (В2)] *have a sweet tooth [қ-з: sweet (А9)] *have teeth (informal) (ұйым, заң, тб ж) «тісі болу», қауқарлы/ мықты болу *Hell’s teeth [қ-з: hell (3)] *in the teeth of smth a) қиындыққа/ қарсылыққа қарамастан ♦The new policy was adopted in the teeth of fierce criticism. – Өршеленген сынға қарамастан жаңа жоспар қабылданды. b) желге қарсы ♦They crossed the bay in the teeth of a howling gale. – Өршеленген дауылға қарамастан олар шығанақты кесіп өтті. *kick smb in the teeth [қ-з: kick (А5)] *a kick in the teeth [қ-з: kick (В4)] *lie through your teeth [қ-з: lie 2(A2)] *like pulling teeth [қ-з: pull (А16)] *long in the tooth [қ-з: long (А8)] *red in tooth and claw [қ-з: red (А4)] *set smb’s teeth on edge (дыбыс не дәм ж) жайсыз ету, жүйкесіне тию ♦Just the sound of her voice sets my teeth on edge. – Даусының өзі құйқамды шымырлатады.