topple [ˈtɒpl] v 1. (шайқалып барып) құлау, жығылу ♦The pile of books toppled over. – Қатталған кітап шайқалып барып құлады. ♦He toppled backwards into the river. – Ол тәлтіректеп барып өзенге шалқасынан түсті. ♦He brushed past, toppling her from her stool. – Ол (еркек) зу ете түскенде, ол (әйел) орындығынан шайқалып барып құлады. 2. ∼ smb/smth (билікті) құлату, (қызметінен, орнынан) тайдыру, тағынан тайдыру (syn: overthrow) ♦a plot to topple the President – президентті тайдырмақ болған қастандық әрекет