toss [tɒs] A.v 1. (ақырын, жай) лақтыру, тастау ♦∼ smth I tossed the book aside and got up. – Кітапты шетке тастай салдым да тұрдым. ♦∼ smth to smb He tossed the ball to Anna. – Ол допты Аннаға тастады. ♦∼ smb smth He tossed Anna the ball. – Ол допты Аннаға тастады. 2. (жеребе ретінде тиын) иіру, иіре тастау (syn: flip) ♦∼ smth Let's toss a coin. – Тиын иірейік. ♦They tossed a coin to decide who would go first. – Олар кімнің бірінші баратынын тиын иіріп шешті. ♦We couldn’t make up our minds, so we decided to toss for it. – Не істерімізді білмеген соң, тиын иіруді ұйғардық. 3. ∼ smth танауын/ мұрнын шүйіріп қалу, басын шалқая сілкіп қалу ♦She just tossed her head and walked off. – Ол мұрнын шүйіріп қалып, шығып кетті. ♦She tossed back her blonde hair. – Ол сары шашын артқа сілки тастады. 4.шайқа(л)у, ырға(л)у, сілк(іле)у ♦Branches were tossing in the wind. – Бұтақтар желде шайқалып тұрды. ♦I couldn't sleep but kept tossing and turning in bed all night. – Ұйықтай алмай, түні бойы дөңбекшіп шықтым. ♦∼ smb/smth Our boat was being tossed by the huge waves. – Алып толқындар қайығымызды аямай жұлқылады. 5. ∼ smth (тамақты майға) былғау, араластыру, (майда) аударып-төңкеру ♦Drain the pasta and toss it in melted butter. – Пастаны сорғытып, еріген сары майға былға. ♦Toss the vegetables lightly in olive oil. – Көкөністі аздап зәйтүн майына былға/ араластыр. ♦Pour the vinaigrette over the salad and toss well. – Салатқа сірке құйып, біраз араластыр. 6. ∼ a pancake (BrE ) (пісірген кезде) құймақты (блины) әуеге лақтырып табаға екінші жағына төңкеріп түсіру 7. (phr v) *toss off | toss smb/yourself off (BrE, taboo, slang) = masturbate *toss smth off (BrE, informal) апыл-ғұпыл істеу ♦I tossed off my article in half an hour. – Мақаламды жарты сағатта жазып тастадым. B.n 1. (жеребе ретінде тиын) иіру, иіре тастау ♦The final result was decided on/by the toss of a coin. – Ақтық/ Соңғы нәтижені тиын иіріп шешті. ♦to win/lose the toss – тиын иіргенде ұту/ ұтылу 2. ∼ of your head танауын/ мұрнын шүйіріп қалу, басын шалқая сілкіп қалу ♦She dismissed the question with a toss of her head. – Ол танауын шүйіре сұрақты елемей тастады. 3. (жарыста, тб) лақтыру, тастау ♦a toss of 10 metres – он метрге лақтыру/ тастау 4. (idm) *argue the toss (BrE, informal) шешімді өзгерт деп салғыласу *not give a toss (about smb/smth) (BrE, slang) елемеу, ескермеу ♦Nobody gives a toss what you think! – Сенің не ойлатыныңа жұрт пысқырмайды да!