touch [tʌtʃ] A.v 1. ∼ smb/smth (қолмен) тию, тигізу, тиісу, сипау, түрту, ұстау; сүйкену, жанау ♦Don't touch that plate - it's hot! – О табақты/ тарелканы тиіспе/ ұстама – ыстық! ♦Can you touch your toes? – Башпайларыңа қолыңды тигізе/ жеткізе аласың ба? ♦∼ smb on smth I touched him lightly on the arm. – Қолына қолымды тигіздім. ♦∼ smb/smth with smth Do not touch anything with your bare hands. – Жалаңаш қолмен ешнәрсені ұстама. ♦He has hardly touched the ball all game. – Бүткіл ойын бойы ол допқа тимеді десе де болады. ♦I told you not to touch my things. – Саған заттарыма тиіспе деп айттым ғой. ♦(ауысп мағ) You've hardly touched your food. – Тамағыңды мүлде түртпепсің/ жемепсің ғой. ♦(ауысп мағ) He hasn't touched the money his aunt left him. – Ол өзіне апайы қалдырып кеткен ақшаға тиіспеді/ ақшаны түртпеді. ♦(ауысп мағ) Everything she touches turns to disaster. – Не нәрсеге оның қолы тисе де/ Не нәрсені ол түртсе де, құриды./ Оның қолы тиген не нәрсе болсын, құриды. ♦(ауысп мағ) His last two movies have been complete flops and now no studio will touch him. – Оның соңғы екі фильмі мүлде нашар шыққан соң, енді оған ешбір студия жоламайды. ♦(ауысп мағ) A smile touched the corners of his mouth. – Езу тарта жымиды. 2. (бір-біріне) тию, жанасу, түрту ♦Make sure the wires don't touch. – Сымдар/ Сымтемірлер бір-біріне тимесін/ бірін-бірі түртпесін. ♦Their faces were almost touching. – Беттері бір-біріне тиіп тұрды десе де болады. ♦∼ smth Don't let your coat touch the wet paint. – Үст киімің кеппеген сырға/ бояуға тимесін. ♦His coat was so long it was almost touching the floor. – Үст киімі соншама ұзын болғандықтан (етегі) еденге жетіп/ тиіп тұрды. ♦The dancer’s feet hardly seemed to touch the ground. – Бишінің аяғы жерге тимейтіндей көрінді. 3. (біреудің көңіліне/ жүрегіне/ сезіміне) тию, әсер ету ♦∼ smb/smth Her story touched us all deeply. – Оның әңгімесі бәрімізге терең әсер етті/ бәріміздің көңілімізді толқытты. ♦What he said really touched my heart. – Оның сөзі шынымен де жүрегіме жақты. ♦I had been touched by his kindness to my aunts. – Оның апайларыма жылылығы жүрегіме жақты. 4. ∼ smb/smth (old-fashioned or formal) әсер/ ықпал ету, қатысты болу ♦These are issues that touch us all. – Бәрімізге қатысты мәселелер бар. 5. ∼ smb біреу сияқты шебер/ жақсы, тб болу ♦No one can touch him when it comes to interior design. – Үйдің ішін дизайндағанда оған шақ келер/ жетер ешкім жоқ. 6. ∼ smth (белгілі бір мөлшерге/ деңгейге) жету, тірелу ♦The speedometer was touching 140. – Спидометр 140-ты көрсетіп тұрды. 7. (idm) *be touched with smth аздаған бірнәрсесі болу ♦His hair was touched with grey. – Шашы аздап бурыл тартыпты/ ағарыпты. ♦His voice was touched with the faintest of Italian accents. – Даусында білінер-білінбес итальян акценті болды. ♦Her nails had been manicured and lightly touched with colour. – Тырнақтарын маникюрлеп, аздаған лак жағыпты. *catch/touch smb on the raw [қ-з: raw (B)] *hit/touch/strike a (raw/sensitive) nerve [қ-з: nerve (A5)] *not harm/touch a hair of smb’s head [қ-з: hair (4)] *not touch smb/smth with a bargepole (BrE) (NAmE not touch smb/smth with a ten-foot pole) [қ-з: bargepole (2)] *strike/touch a chord (with smb) [қ-з: strike (A13)] *touch base (with smb) (informal) біреумен қайтадан хабарласу/ қатынасу *touch bottom судың түбіне жету ♦I put my feet down and touched bottom. – Аяғымды суға малып, түбіне аяғымды тигіздім. ♦(ауысп мағ) The housing market has touched bottom. – Үй-жай рыногы құлдыраудың шегіне жетті. *touch/tug your forelock (to smb) [қ-з: forelock (2)] *touch wood (BrE) (NAmE knock on wood) [қ-з: knock (A8)] *within touching distance (of smth) (BrE also within spitting distance) (also within shouting distance especially NAmE) [қ-з: shouting (2)] 8. (phr v) *touch down a) (самолет, тб ж) қону, (қонған кезде дөңгелегі жерге) жанасу, тию ♦The helicopter touched down on the helipad. – Вертолет арнайы орынға қонды. b) (құйын/ торнадо ж) жету, жерге түсу, жермен жүру/ қозғалу ♦Tornadoes touched down in Alabama and Louisiana. – Торнадолар Луизиана мен Алабамаға жетті. *touch smb for smth (informal) көндіру, көндірмек болу ♦He tried to touch me for 50 bucks. – Ол менен 50 доллар сұрап алмақ болды. *touch smth off түрткі/ себепкер болу ♦The blaze was touched off by lightning. – Өртке найзағай себеп(кер) болды. ♦Her comments touched off a wave of protests. – Оның сөзіне талай жұрт наразы болды. *touch on/upon smth (қысқа ғана) айтып өту ♦In his speech he was only able to touch on a few aspects of the problem. – Өз сөзінде ол проблеманың бірнеше қырын ғана айтып өтті. ♦The central issue of the debate was hardly touched on in his speech. – Өз сөзінде ол дебаттағы өзекті мәселені үстіртін ғана айтып өтті. *touch smb up (BrE, informal) (нәпсісі қоза біреуге) қол жүгірту, сипалау (syn: grope) *touch smth up жақсарту, жетілдіру ♦She was busy touching up her make-up in the mirror. – Ол айна алдында сыланып-таранып жатты. B.n 1. (қолмен) тию, сипау, тигізу, тиісу, ұстау; сүйкену, жанау ♦The gentle touch of his hand on her shoulder made her jump. – Ол (жігіт) оны (қызды) қолымен иығынан сипағанда ол (қыз) ыршып кетті. ♦at the ∼ of smb/smth All this information is readily available at the touch of a button. – Пернені/ Клавишті басса(ң-ыз) болды, осы деректің бәрі шыға келеді. ♦This type of engraving requires a delicate touch. – Бұлай ойып өрнек жасаған нәзік шеберлікті қажет етеді. ♦She played the piano with a light touch. – Ол пианиноны саусақтарымен жұмсақ тигізе ойнады. ♦The slightest touch will set off the alarm. – Сәл түртсең болды, дабыл қағылады. 2.тию/ түрту/ жанасу сезімі ♦the sense of touch – тигендегі/ жанасқандағы сезім ♦by ∼ They had to identify various materials by touch. – Олар түрлі материал(дар)ды қолмен ұстап көрді/ білді. 3.тигендегі/ жанасқандағы сезім ♦material with a smooth silky touch – жібек сияқты жұмсақ материал ♦He could not bear the touch of clothing on his sunburnt skin. – (Өзінің) күнге күйген терісіне киімнің қажалғаны ұнамады. ♦to the ∼ The body was cold to the touch. – Қол тигізгенге дененің суықтығы білінді. 4.ұсақ-түйек нәрсе ♦Meeting them at the airport was a nice touch. – Оларды аэропортта жолықтырған жақсы болды. ♦Bright cushions add a decorative touch to a room. – Ашық жастықтар бөлменің реңін кіргізеді. 5.рет, стиль, жол, салт, тсс ♦She prefers to answer any fan mail herself for a more personal touch. – Жеке қатынастар орнату үшін ол кез-келген тілеулестің хатына өзі жауап бергенді ұнатады. ♦Computer graphics will give your presentation the professional touch. – Компьютерлік графика презентацияң(ызғ)а кәсіби келбет береді. ♦He couldn't find his magic touch with the ball today. – Бүгін ол допты онша игере (онша ойнай) алмады. 6. ∼ of smth аздаған/ болмашы нәрсе (syn: trace) ♦There was a touch of sarcasm in her voice. – Даусында сәл әжуа болды. ♦There could be a touch of frost tonight. – Бүгін түнде аздап үсік болуы мүмкін. 7. a ∼ сәл; аз ғана, аз-маз ♦The music was a touch too loud for my liking. – Музыка қаттылау шықты. 8.аут, ойын алаңы жиегі сызығының сырты/ тысы ♦into ∼ He kicked the ball into touch. – Ол допты аутқа тепті/ ойыннан шығарып жіберді. 9. (idm) *be, become, etc. out of touch (with smth) «қатынасы/ байланысы болмау», білмеу, ұқпау ♦Unfortunately, the people making the decisions are out of touch with the real world. – Өкінішке орай, шешім шығаратын адамдар нақты өмірді білмейді. ♦This government is increasingly out of touch with ordinary voters. – Бұл үкімет жай сайлаушылардан қарасын үзіп барады. *be, get, keep, stay, etc. in touch (with smb) біреумен хабарласып/ жазысып тұру ♦Are you still in touch with your friends from college? – Колледждегі достарыңмен әлі хабарласып тұрасың ба? ♦I'm trying to get in touch with Jane. Do you have her number? – Джейнмен хабарласайын деп едім. Сенде оның телефоны бар ма? ♦Let's keep in touch. – Хабарласып тұралық. *be, keep, etc. in touch (with smth) хабардар болу, біліп жүру ♦It is important to keep in touch with the latest research. – Кейінгі зерттеу жұмысында не болып жатқанын біліп жүрген жөн. *be out of touch (with smb) хабарласуды қою, қатынасын/ байланысын үзу/ доғару ♦We’ve been out of touch for a couple of years. – Бір-бірімізбен хабарласпағалы бір-екі жыл болды. *the common touch [қ-з: common (A6)] *an easy/a soft touch (informal) жұмсақ адам, ақкөңіл адам ♦Unfortunately, my father is no soft touch. – Өкінішке орай, әкем жұмсақ адам емес. *kick smth into the long grass/into touch [қ-з: long (A8)] *a light touch [қ-з: long (В10)] *lose touch (with smb/smth) a) хабарласпай/ араласпай кету, қатынасын/ байланысын үзу ♦I've lost touch with all my old friends. – Көне достарыммен байланыс үзілген. b) ұқпайтын/ түсінбейтін халге жету, ұқпайтын болу