tough [tʌf] A.adj (tougher, toughest) 1.қиын, ауыр, күрделі ♦a tough childhood – қиын балалық шақ ♦It was a tough decision to make. – Бұл бір қиын шешім болды. ♦tough questions – қиын сұрақтар ♦Now Karen must make one of the toughest choices of her life. – Енді Карен өміріндегі ең қиын шешімдердің біреуін жасауға тиіс. ♦She's been having a tough time of it lately. – Кейінгі кездері ол қиналып жүр. ♦Times are tough at the moment. – Қазір жағдай – қиын. ♦We've got a tough fight ahead. – Алдымызда бізді қиын айқас күтіп тұр. ♦a tough task – қиын іс/ тапсырма/ міндет ♦It can be tough trying to juggle a career and a family. – Үй-іші мен жұмыстың арасында жүгірген қиын болуы мүмкін. ♦a tough competition – қиын сайыс/ бәсеке ♦It was tough on her being dropped from the team like that. – Оның (с)ондай командаға енбей қалғаны қиын болыпты./ Оған обал болыпты – анандай командаға енбей қалыпты. 2.қатаң, қатал (opp: soft) ♦∼ on smb/smth Politicians believe they have to be tough on crime. – Саясаткерлер қылмысқа қатаң болу керек деп сенеді/ ойлайды. ♦Don't be too tough on him - he was only trying to help. – Оны дұрыс ұқ – әшейін көмектесейін дегені ғой. ♦The school takes a tough line on cheating. – Мектепте өтірікке қатаң. ♦The judge was well known for his tough stance on corruption. – (Бұл) судья коррупцияға қатаңдығымен белгілі. ♦tough new anti-terror measures – қатаң террорға қарсы шаралар ♦a tougher action – қатаңырақ шара 3.мықты, төзімді, қиын ♦a tough breed of cattle – ірі-қара малдың төзімді тұқымы ♦He's not tough enough for a career in sales. – Ол саудада жұмыс істеуге соншама төзімді емес. ♦She’s a tough customer. – Ол – қиын клиент. ♦Celine is a fighter, a tough nut. – Селин – мықты, қайтпайды. ♦How mentally tough are you? – Қиын жағдайға қаншалықты шыдайсың?/ Психологиялық қаншалықты шыдамдысың? 4. (кісі ж) мықты, мығым, күшті, (физикалық) күші көп ♦You think you're so tough, don't you? – Күштімін/ Мықтымын деп ойлайсың ба? ♦He plays the tough guy in the movie. – Кинода ол мығым жігіттің рөлінде ойнайды. ♦Then this guy started acting tough. – Сосын ол жігіт күш көрсете бастады. 5.бұзақы, бұзық (аудан, тсс) ♦She grew up in a tough neighbourhood. – Ол бұзақы ауданда ержетті/ өсті. 6.қатты, жұмсақ емес (syn: tender) ♦The meat was a bit tough. – Ет сәл қаттылау екен. ♦Overcooking the burger will make it tough and dry. – Бургерді көп пісірсе, қатайып, құрғап кетеді. 7.мықты, қатты, шыдамды ♦a tough pair of shoes – мықты аяқ киім ♦The reptile's skin is tough and scaly. – Рептилияның терісі қатты әрі қабыршақ(ты) келеді. 8. (idm) *hang tough [қ-з: hang (A10)] *a hard/tough nut [қ-з: nut (A7)] *a hard/tough nut (to crack) [қ-з: nut (A7)] *a hard/tough act to follow жақсы/ табысты/ мықты адам/ нәрсе (сондықтан солар сияқты болу қиын) ♦She has been an excellent principal and will be a hard act to follow. – Ол мықты директор болды, енді дәл сондай болу қиын. *talk tough (on smth) [қ-з: talk (A3)] *(as) tough as old boots | (as) tough as nails [қ-з: nail (A3)] *tough luck [қ-з: luck (A3)] *when the going gets tough (the tough get going) [қ-з: going (A4)] B.n (old-fashioned, informal) бұзақы, содыр (адам) C.v (phr v) *tough smth out (қиын жағдайда) мойымау, берілмеу, қаймықпау, қайтпау, қайсарлану ♦You're just going to have to tough it out. – Мығым болуың керек болады.