tour [tʊə(r); tɔː(r)] A.n 1.қыдыру, қыдырыс, жүріс, сапар, саяхат, аралау, шарлау, кезу, тур ♦a walking/sightseeing/bus tour – жаяу қыдырыс/ аралап көру/ автобуспен қыдыру ♦∼ of/round/around smth a coach tour of northern France – автобуспен солтүстік Францияны аралау/ шарлау/ сапарлау/ қыдыру/ саяхаттау ♦They embarked on a tour around the country. – Олар ел ішін аралауға шықты. ♦a tour operator – сапар/ саяхат ұйымдастырушы, тур-оператор ♦We were given a guided tour of the palace. – Бізге гид/ жол нұсқаушы сарайды аралап көрсетті. ♦a virtual tour of the Taj Mahal – Тәж-Маһалды виртуалды (компьютермен) аралау ♦a tour of inspection – тексеріп келу ♦a tour guide – гид/ аралап көрсетуші ♦∼ of/round/around smth Our host gave us a quick tour of the house. – Үй иесі бізге үйді тез көрсетіп шықты/ бізді үйді аралатып шықты. ♦The band is currently on a nine-day tour of France. – Муз-қ топ қазір Францияда тоғыз күндік сапарда жүр. ♦a concert tour – концерт қойып ел аралау ♦a world/European/UK tour – әлемді/ Европаны/ Британияны аралау/ кезу/ шарлау ♦a tour bus – сапар/ саяхат автобусы ♦The prince will visit Boston on the last leg of his American tour. – Америкаға сапарының соңында принц Бостонға соғады/ барады. ♦a lecture/speaking tour – лекция оқып/ сөйлеп ел аралау ♦The group will shortly go on a ten-city European tour. – Жақында/ Жақын арада топ Европаның он қаласына аралауға барады/ аралап шығады. 2. (also tour of duty) (дипломат не әскери ретінде) шетелде не әр жерде қызмет ету ♦He served tours all over the world during his 35-year career. – Отыз бес жылдық еңбегінде ол әлемнің әр тұсында қызмет етті. B.v қыдыру, жүру, сапарлау, саяхаттау, аралау, шарлау, кезу ♦∼ smth He toured America with his one-man show. – Ол жеке өзі өнер көрсетіп Американы аралап шықты. ♦She toured the country promoting her book. – Ол ел аралап, кітабын таныстырды. ♦We spent four weeks touring around Europe. – Европаны бес апта (бойы) араладық.