towel [ˈtaʊəl] A.n 1.сүлгі, орамал ♦Help yourself to a clean towel. - Таза сүлгімен/ орамалмен сүртінсең(із) болады. ♦a hand/bath towel – қол орамал/ ванна сүлгісі ♦a beach towel – пляж сүлгісі ♦Pat the area dry with a clean towel. – Ол тұсты таза орамалмен басып құрғат. 2. (idm) *throw in the towel a) (бокста) рингке орамал/ сүлгі лақтырып өзінің жеңілгенін мойындау ♦His corner threw in the towel near the end of the tenth round. – Оның командасы оныншы раундтың соңына қарай орамал лақтырды. b) (ойында) жеңілгенін/ ұтылғанын мойындау ♦We're not going to throw in the towel just because we lost one game. – Бір ойында ұтылғанымызбен, айқастан бас тартатын ойымыз жоқ. B.v ∼ yourself/ smb/smth (down) (сүлгімен/ орамалмен) сүртіну, өзін сүртіп кептіру