trace [treɪs] A.v 1. ∼ smb/smth (to smth) іздеу, іздеп табу (syn: track down) ♦We finally traced him to an address in Chicago. – Ақыры оны Чикагодағы адресінен таптық. ♦I have been unable to trace the letter you mentioned. – Сен/ Сіз айтқан хатты іздеп таба алмадым. 2. ∼ smth (back) (to smth) (бірн-ң) түпкі себебін/ мән-жайын/ төркінін/ тарихын іздеп табу/ зерттеу ♦She could trace her family tree back to the 16th century. – Ол өз шежіресін/ тұқым-тұқияны тарихын XVI ғасырға дейін түгендей алды. ♦The leak was eventually traced to a broken seal. – Сынған тығыннан (су не газ) аққаны белгілі болды. ♦The police traced the call to her ex-husband's number. – Полиция телефонды оның бұрынғы күйеуінің шалғанын анықтады. ♦Her book traces the town's history from Saxon times to the present day. – Оның кітабы кенттің саксон заманынан осы күндерге дейінгі тарихын зерттейді. 3. ∼ smth (out) сызық сызу ♦She traced a line in the sand. – Ол құмда сызық сызды. 4. ∼ smth (бірн-ң) пішіні/ сызығы бойымен қарау/ қозғалу ♦He traced the route on the map. – Ол картадағы жолға көз жүгіртті. ♦A tear traced a path down her cheek. – Жас бетін айғыз ете төмен ақты. ♦She lightly traced the outline of his face with her finger. – Ол (әйел) оның (еркектің) бетінің сыртын саусағымен сипады. 5.картаны/ сызбаны калькамен көшіру [қ-з: tracing paper] B.n 1.із, қалған белгі, таңба, қалдық, жұрнақ ♦It's exciting to discover traces of earlier civilizations. – Көне цивилизациялардың із(дер)ін тапқан өте қызық. ♦Police searched the area but found no trace of the escaped prisoners. – Полиция ол тұсты сүзіп шыққанымен, түрмеден қашқандардың ізін таппады. ♦Years of living in England had eliminated all trace of her American accent. – Талай жыл Англияда тұрған соң, оның американ акцентінің ізі де қалмады. ♦traces of poison – у қалдықтары ♦She spoke without a trace of bitterness. – Ол ешбір ашынбастан сөйледі. 2. (specialist) (қағаздағы, монитордағы) сызық, із, өрнек ♦The trace showed a normal heart rhythm. – Із жүрек соғысының қалыпты екенін көрсетті. 3. ∼ on smb/smth іздеу, ізіне түсу, іздеу салу ♦The police ran a trace on the call. – Полиция шалынған телефонның ізіне түсті. ♦Detectives are doing a trace on the vehicle. – Детективтер/ Тергеушілер көлікті іздестіруде. 4. (арбаны атқа қататын) тартпа 5. (idm) *kick over the traces [қ-з: kick (А5)]