track [træk] A.n 1.рельс (темір жолдың) ♦railway/railroad tracks – темір жол рельстері ♦India has thousands of miles of track. – Индияда мыңдаған шақырым темір жол бар. ♦Many branch lines were closed, and the tracks lifted. – Көптеген тармақ жол(дар)ды жауып, ондағы рельстерді алып тастады. 2. (NAmE) (темір жол станциясындағы) платформа, перрон ♦The train for Chicago is on track 9. – Чикагоға пойыз 9-ыншы платформада. 3. (көлік, жылқы жарысатын) жол, жолақ, трек ♦a race track – бәйге жолы ♦a Formula One Grand Prix track – Формула Бір Гран При жолы ♦a running track – жүгіру жолағы 4. (NAmE) жүгіру (спорты) ♦He loves sports and participates in track and basketball. – Ол спортты жақсы көреді, жүгіріп, баскетбол ойнап жарысады. 5.соқпақ, сүрлеу, аяқ жол ♦a muddy track through the forest – ормандағы балшық сүрлеу/ аяқ жол 6.із ♦We followed the bear's tracks in the snow. – Қарда аю ізімен жүрдік. ♦tyre tracks – көлік (дөңгелегі) ізі ♦The beach is criss-crossed with animal tracks. – Пляжда айқыш-ұйқыш жануар ізі сайрап жатыр. 7.жол, бағыт, із ♦He switched tracks and went back to college. – Ол бұрылып, колледжге қайта жүрді. ♦on the ∼ of smb/smth Police are on the track of the thieves. – Полиция ұрылардың ізіне түсті. 8. (таспаға жазылған) ән, музыка ♦a track from their latest album – олардың кейінгі альбомынан ән/ ырғақ ♦The opening track is sweet and sentimental. – Алғашқы ән/ ырғақ тәтті де сезімге толы. 9.таспа, жол(ақ) (компьютердегі ән жазатын бөлік) 10. = soundtrack 11. (перде ілетін) сырық, шыбық 12.шынжыртабан, гусеница (бульдозердің, танктің дөңгелегі) 13. (idm) *back on track (қатеден, сәтсіздіктен соң) қайта дұрыс арнаға/ жолға түскен ♦I tried to get my life back on track after my divorce. – Ажырасқан(нан) соң өмірімді қалыпты арнаға түсіруге тырыстым. *be on track дұрыс арнада/ жолда ♦Curtis is on track for the gold medal. – Куртис алтын медаль алатын бағытта/ сыңайлы. *cover your tracks ісін/ әрекетін жасыру/ жасырмақ болу *from/on the wrong side of the tracks қаланың нашар ауданында өсу не тұрып жату *hot on smb’s/smth’s tracks/trail (informal) (қуған/ іздеген адамына/ нәрсесіне) жетейін деп қалу, жақын болу *keep/lose track of smb/smth хабардар болу/ болмау, біліп жүру/ жүрмеу ♦Bank statements help you keep track of where your money is going. – Банк қағаздары ақшаңның жай-күйінен хабардар етіп отырады. ♦I lost all track of time. – Уақыттан адастым. *make tracks (informal) үйге қайту ♦It’s getting late - I’d better make tracks. – Кеш болып қалды – қайтайын. *off the beaten track алыста, шалғайда ♦They live miles off the beaten track. – Олар талай шақырым жырақта тұрады. *on the right/wrong track [қ-з: right (А9)] *stop/halt smb in their tracks | stop/halt/freeze in your tracks [қ-з: stop (А5)] B.v 1.ізіне/ артына түсу, аңду, өкшелеу, өкшелей қуу ♦∼ smb/smth hunters tracking and shooting bears – аюды аңдып атып жүрген аңшылар ♦They tracked the herd for miles. – Олар үйір соңынан талай шақырым жүрді. ♦The suspect was tracked to the flat by undercover police. – Сезіктіні пәтерден жасырын полиция қызметкері (аңдып) тапқан. 2. бақылау, қадағалау, барлау, аңду, ізіне/ артына түсу ♦∼ smb/smth We continued tracking the plane on our radar. – Ұшақты радарымызда бақылауды/ аңдуды жалғастырдық. ♦to track the eye movemens – көз қимылын аңду ♦We are tracking severe weather tonight in parts of Texas. – Техастың кейбір тұстарындағы бүгін кешкі нашар ауа-райын бақылаудамыз. ♦∼ where, how, etc… The GPS units track where the cattle roam. – GPS аспаптары ірі-қара малдың қайда жүргенін бақылайды. ♦We utilize a software package to track project results. – Софтты/ Компьютерлік программаны жоба нәтижесін қадағалау үшін пайдаланамыз. ♦∼ where, how, etc… The software helps educators track how students perform. - Софт/ Компьютерлік программа мұғалімдерге оқушылардың үлгерімін бақылауға жәрдемдеседі. 3. (NAmE) (also stream especially BrE) (мектепте) оқушыларды үлгеріміне қарай топтарға бөлу 4. ∼ smth (especially NAmE) аяқ киімімен былғау, аяқ киімінің былғаныш ізі қалу ♦Don't track mud on my clean floor. – Таза еденімді аяқ киіміңмен балшықтама. 5.белгілі бір деңгейде қалу ♦Annual employment growth is tracking at 2%. – Жылдық жұмыспен қамту деңгейінің өсуі 2% болуда. 6. (phr v) *track smb/smth down іздеп табу (syn: trace) ♦The police have so far failed to track down the attacker. – Полиция әзірге шабуылдаған адамды таба алмай жатыр.