traditional [trəˈdɪʃənl] adj 1.дәстүрлі, дәстүрдегі, дәстүрге сай, әдет-ғұрыпқа/ салт-дәстүрге сай, байырғы, көне, ескі, орныққан ♦traditional dress/music/art/culture/dance – дәстүрлі көйлек/ музыка/ өнер/ мәдениет/ би ♦traditional values/practices/beliefs – көне құндылықтар (құнды дүниелер)/ дағдылар/ нанымдар ♦Acupuncture has long been a part of traditional Chinese medicine. – Инемен емдеу ежелден бері дәстүрлі/ көне қытай медицинасының бір бөлігі. ♦Janet makes cheese by traditional methods. – Жанет сыр (ірімшік) жасағанда көне әдістер қолданады. ♦Cinema poses a threat to traditional art forms. – Кино дәстүрлі/ көне өнер түрлеріне қауіп төндіреді. 2. (sometimes disapproving) көне, ескі, қалыптасқан, орныққан, қалыптасып/ орнығып қалған, байырғы (syn: conventional) ♦a traditional method/way of doing something – бірнәрсені істеудің көне тәсілі ♦traditional methods of teaching – оқытудың байырғы тәсілі ♦a traditional approach/view – көне көзқарас ♦He was raised in a traditional patriarchal family. – Ол көне дәстүрдегі патриархалды үй-ішінде өсті.