trail [treɪl] A.n 1. (шұбалған, созылған) із, қалған белгілер/ нәрселер ♦a trail of blood – шұбалған қан тамшылары ♦tourists who leave a trail of litter everywhere they go – барған жерінде қоқыс шашып кететін туристер ♦The hurricane left a trail of destruction behind it. – Дауыл астаң-кестең етіп кетті. 2.із, қалған иіс/ белгі ♦The hounds were following the fox's trail. – Төбет иттер түлкінің ізіне/ соңына түсті. ♦on the ∼ of smb/smth The police are still on the trail of the escaped prisoner. – Полиция абақтыдан қашқанның әлі артында жүр. ♦Fortunately the trail was still warm. – Бір жақсысы, із әлі де анық еді. ♦The trail had gone cold. – Із түсініксіз болып кетіпті. 3.аяқ жол, соқпақ, сүрлеу ♦a trail through the forest – орман арқылы (өтетін) соқпақ ♦(ауысп мағ) a tourist trail – туристер жүретін жол (яғни, көрікті жерлер) ♦(ауысп мағ) politicians on the campaign trail – науқандағы саясаткерлер 4. (idm) *blaze a trail [қ-з: blaze 2(В2] *hit the road/trail [қ-з: road (4)] *hot on smb’s/smth’s tracks/trail [қ-з: track (А13)] B.v 1.шұбалу, артта болу, шұбатылу, шұбату, шұбыру, шұбау, сүйрет(іл)у, тб ♦∼ smth A jeep trailing a cloud of dust was speeding in my direction. – Артында шаң бұрқыратқан/ бұрқыраған бір джип мен жаққа қарай ызғытып келе жатты. ♦I trailed my hand in the water as the boat moved along. – Жүзген қайықтан қолымды суға сала сүйреттім. ♦The bride's dress trailed behind her. – Қалыңдықтың көйлегі артында шұбатылды/ сүйретілді. ♦The kids trailed around after us while we shopped for clothes. – Киім алмақ болып дүкен аралағанда балалар артымыздан шұбатылды/ сүйретілді. ♦United were trailing 2-0 at half-time. – Ойынның бірінші жартысында Юнайтед 2-0 есебімен ұтылып жатты. ♦∼ by smth We were trailing by five points. – Біз бес ұпай артта келе жаттық. ♦∼ in smth This country is still trailing badly in scientific research. – Ғылыми зерттеуде бұл ел әлі тым артта (қалған). ♦∼ smb/smth The Conservatives are trailing Labour in the opinion polls. – Қоғам пікірі сауалнамасында консерваторлар лейбористерден артта келеді. 2. ∼ smb/smth (біреудің/ бірн-ң) ізіне түсу, ізіне түсіп қуу/ іздеу, тб ♦The police trailed Dale for days. – Полиция Дейлді талай күн іздеді. ♦They spent three hours trailing a deer through the woods. – Олар бұғыны орманда қуып үш сағат өткізді. ♦Sharks were trailing the ship. – Акулалар кемені өкшеледі/ кеме артынан жүзіп отырды. 3.салбырау ♦trailing plants – салбыраған өсімдіктер ♦He had tears trailing down his cheeks. – Бетінен жас домалады. 4. ∼ smth фильмді, тб жарнамалау (рекламировать) 5. (phr v) *trail away/off (біреудің сөйлесі/ сөзі ж) бәсеңдеп барып тоқтау ♦His voice trailed away to nothing. – Даусы бәсеңдеп барып тоқтады.