train [treɪn] A.n 1.пойыз, поезд ♦to get on/off a train – пойызға міну/ пойыздан түсу ♦by ∼ I like travelling by train. – Пойызбен жүргенді жақсы көремін/ ұнатамын. ♦a passenger/commuter train – жолаушы/ жүргінші пойызы 2.тізбе(к), бірінің артынан бірі ілескен адамдар не жануарлар ♦a camel train – тізіле жүрген түйелер 3.оқиғалар тізбегі ♦His death set in motion a train of events that led to the outbreak of war. – Оның өлімінен соң оқиғалар қауырт өрбіп, ақыры соғысқа ұрындырды. 4.сүйретілген көйлек/ киім етегі 5. (idm) *bring smth in its train (formal) бірн-ң нәтижесі болу ♦Unemployment brings great difficulties in its train. – Жұмыссыздық үлкен ауыртпалықтарға душар етеді. *in smb’s train (formal) біреуге ілескен/ ерген ♦In the train of the rich and famous came the journalists. – Байлар мен әйгілілерге ілесе журналистер келді. *set smth in train (formal) әзірлеу, дайындау; бастау ♦That telephone call set in train a whole series of events. – Сол шалынған телефоннан соң бір оқиғалар басталып кетті. *a train of thought [қ-з: thought (6)] B.v 1. (адамды не жануарды) баптау, баулу, дайындау, жаттықтыру, әзірлеу, үйрету, оқыту, даярлау, машықтандыру, дағдыландыру, шынықтыру; үйрену, дайындалу, дайындықтан өту, оқу, шынығу, тсс ♦∼ smb/smth highly trained professionals – өте әзірленген кәсібилер/ кәсіби мамандар ♦badly trained staff – нашар даярланған қызметкерлер ♦specially trained coaches – арнайы әзірленген бапкерлер ♦∼ smb/smth to do smth They train dogs to sniff out drugs. – Олар иттерді есірткіні (наркотикті) иіскеп табуға үйретеді. ♦The crew are well trained to deal with emergencies. – Экипажды/ Топты төтенше жағдайлар үшін жақсы дайындайды. ♦We trained our sales force to be sensitive to the needs of customers. – Саудаласу бөлімімізді клиенттердің/ тұтынушылардың мұқтаждарын ұға білуге баулыдық. ♦∼ as/in/for smth He trained as a teacher before becoming an actor. – Актер болардан бұрын ол мұғалімдікке оқыды. ♦All members of the team have trained in first aid. – Топтың барлық мүшесі алғашқы/ бірінші жәрдем көрсетуге үйренді. ♦∼ to do/be smth Sue is training to be a doctor. – Сью дәрігерлікті оқуда. 2. (денесін) шынықтыру, шынығу, (спортқа, тб) баптау, әзірлеу, жаттығу, тсс ♦I train in the gym for two hours a day. – Спортзалда күніне екі сағат шынығамын. ♦She was unable to train with the squad. – Ол командамен бірге шыныға/ әзірлене алмады. ♦∼ for smth athletes training for the Olympics – олимпиадаға әзірленіп жатқан атлеттер ♦∼ smb/smth She trains horses. – Ол жылқыларды баптайды/ дайындайды/ үйретеді. ♦He trains the Olympic team. – Ол олимпиялық команданы баптайды/ жаттықтырады. ♦∼ smb/smth for smth The athletes will be trained for all events. – Атлеттер барлық оқиғаға дайындалады. 3.шынығу, жетілу, қабілетін арттыру, тсс ♦∼ smth An expert with a trained eye will spot the difference immediately. – Көзі шыныққан эксперт айырманы/ өзгешелікті бірден табады. ♦∼ smth to do smth You can train your mind to think positively. – Миыңды/ Санаңды оң/ жағымды ойлауға үйретсең болады. 4. ∼ smth (around/along/up, etc.) (өсімдікті) өсіру, баптау ♦Roses had been trained around the door. – Раушан/ Роза гүлдерін есіктің жанында өсірді. 5. ∼ smth at/on smb/smth фотоаппарат/ қару кезену ♦He carefully trained his gun on the suspect. – Ол қаруын сезіктіге абайлап кезенді.