transparency [trænsˈpærənsi] n (pl -cies) 1.мөлдірлік, тұнықтық, айқындық (әйнектің, тб) ♦(ауысп мағ) a need for greater transparency in legal documents – заңды документтердің айқынырақ/ мөлдірірек болуы қажеттігі ♦(ауысп мағ) The police reforms will ensure greater transparency and accountability. – Полиция реформасы мөлдірлік пен есептілікті арттыра түспек. 2. (also informal tranny) = slide (B6) 3.бүкпесіз, көпе-көрнеу, көзге көрініп тұрған ♦They were shocked by the transparency of his lies. – Олар оның көпе-көрнеу суайттығына түршікті.