transport [ˈtrænspɔːt] A.n 1. (especially BrE) (NAmE usually transportation) транспорт, көлік, тасымал (көлікпен, жолмен, тб адамдарды не заттарды тасу/ тасымалдау жүйесі) ♦air/freight/road transport – әуе/ жүк/ жол транспорты/ көлігі/ тасымалы ♦the government’s transport policy – үкіметтің транспорт/ көлік саясаты ♦The region has good transport links. – Аймақтың жақсы транспорт/ көлік байланыстары бар. ♦a transport network – транспорт/көлік жүйесі/ желісі ♦a transport infrastructure – транспорт/ көлік инфраструктурасы/ инфрақұрылымы 2. (BrE) (NAmE transportation) көлік, автомобиль, кеме, көлік/ транспорт құралы ♦Applicants must have their own transport. – Өтініш берушілердің өздерінің көліктері болуы/ болуға тиіс. ♦Transport to and from the airport is included in the price. – Аэропортқа барып-келу бағаға енген. ♦His bike is his only means of transport. – (Оның) велигі – жалғыз (ғана) көлігі. ♦The train is the preferred mode of transport for commuters working in Dublin. – Пойыз – Дублинге келіп істеушілер үшін қолайлы көлік. ♦Hitchhiking is a common form of transport. – Өткен-кеткен көлікке отыру – қалыпты нәрсе. 3. (especially BrE) (also transportation) (адамдарды, заттарды көлікпен) тасу, тасымалдау, тасымал, транспорт, көлік ♦The goods were damaged during transport. – Заттар тасымал(дау) кезінде бүлінген. ♦controls on the transport of nuclear waste – ядролық қалдық тасымалын бақылау ♦Transport to market is most commonly done by truck. – Базарға/ Рынокқа заттарды көбінесе жүк машинасымен тасиды. 4. ∼s, ∼ of smth (literary) толқыған сезім/ көңіл-күй ♦to be in transports of delight – шаттыққа бөлену B.v 1. ∼ smth/smb (көлікпен) тасу, тасымалдау, алып бару, апару, алып келу, әкелу ♦to transport goods/passengers – товарларды/ жолаушыларды тасу ♦Most of our luggage was transported by sea. – Жүгіміздің көбін теңізбен тасиды. 2. ∼ smth (syn: carry) қозғау, тасу, тасымалдау, апару, тсс ♦The seeds are transported by the wind. – Дәндер желмен ұшады. ♦Blood transports oxygen around the body. – Қан дене бойымен оттегіні тасиды. ♦(ауысп мағ) The book transports you to another world. – Кітап оқырманды басқа әлемге апарады. 3. ∼ smb (бұрынғы кездерде жаза ретінде адамды) жер аудару, алыс жаққа жөнелту ♦British convicts were transported to Australia for life. – Британиялық қылмыскерлерді (бұрын) Австралияға өмір бойы жер аударған.