trap [træp] A.n 1. (аң ұстау үшін құратын) тұзақ ♦a fox with its leg in a trap – аяғы тұзаққа ілінген түлкі ♦A trap was laid, with fresh bait. – Тұзақ қойып, жемтік тастады. ♦(ауысп мағ) She had set a trap for him and he had walked straight into it. – Оның (әйелдің) құрған тұзағына ол (еркек) барып түсті. ♦(ауысп мағ) the unemployment trap – жұмыссыздық тұзағы ♦(ауысп мағ) Some women see marriage as a trap. – Кейбір әйелдер тұрмыс құруға тұзақ деп қарайды. 2. (жеңіл, екі дөңгелекті) күйме, пәуеске (повозка) 3. (slang) ауыз (syn: gob) ♦Shut your trap! – Жап аузыңды! ♦to keep your trap shut – жақ ашпау 4. тазы иттерді жарысқа түсер алдында бөгеп тұратын қоршау 5. (idm) *spring a trap [қ-з: spring (В5)] *to fall into/avoid the trap of doing smth «тұзаққа түсу/ тұзақтан құтылу», қате істеу/ істемеу ♦Parents often fall into the trap of trying to do everything for their children. – Ата-аналар балалары үшін бәрін істейміз деп қателеседі. ♦The movie avoids the trap of spending too much time explaining things. – Фильм нәрселерді тым көп түсіндірмей, дұрыс істеген. B.v 1.тұзаққа түсу, тығырыққа тірелу, өте қиын жағдайға тап болу ♦be trapped Help! I'm trapped! – Көмектесіңдер! Құтқарыңдар мені! ♦be trapped by smth We became trapped by the rising floodwater. – Тасыған су жолымызды бөгеп тастады. ♦(ауысп мағ) He was trapped in an unhappy marriage. – Бақытсыз неке оны сорлатты. ♦(ауысп мағ) I feel trapped in my job. – Жұмысым бір тұсау сияқты. 2. ∼ smth (дененің бір бөлігі, киім, тб) қысылып қалу, тұрып қалу, қыстырылысып қалу, ілініп қалу ♦I trapped my coat in the car door. – Үст киімім машинаның есігіне қысылып қалды. ♦The pain was caused by a trapped nerve. – Шаншу жаншылған нервтен/ жүйкеден болған. 3. ∼ smb/smth тұзаққа түсіру, құрыққа түсіру, құрықтау, ұстау ♦The escaped prisoners were eventually trapped in an underground garage and recaptured. – Абақтыдан қашқандарды ақыры бір жерасты гаражында қолға түсіріп, ұстаған. ♦Police believe the fingerprints could help trap the killer. – Саусақ іздері/ табы кісі өлтірушіні құрықтауға сеп болады деп сенеді полиция. 4. ∼ smth (аңды) тұзаққа түсіру, (аңға) тұзақ құру ♦Raccoons used to be trapped for their fur. – Жанаттарға терісі үшін тұзақ құрады. 5. ∼ smth ұстау, жию, қордалау ♦Solar panels trap energy from the sun. – Күн панелдері күннен энергия жияды. 6. ∼ smb (into smth/into doing smth) «тұзаққа түсіру», алдау ♦He felt he had been trapped into accepting the terms of the contract. – Ол алданып, контрактінің шарттарына келіскендей сезінді. ♦The police managed to trap him into revealing his true identity. – Полиция оны алдап, оның кім екенін біліп алды.