trauma [ˈtrɔːmə] n 1. (medical) жарақат, зақым, травма ♦The patient suffered severe brain trauma. – Науқастың/ Пациенттің миы ауыр зақымданған. 2. (psychology) (қатты ашынғаннан, қорыққаннан, торыққаннан болған) жан/ ой/ ес жарасы/ жарақаты/ зақымы, қиналыс, торығыс, мұң, қайғы, күйініс ♦the effects of trauma and stress on the body – денеге торығу мен стрестің әсері ♦patients who have histories of childhood trauma – балалық шағында жаны жарақаттанған науқастар/ пациенттер ♦She felt exhausted after the traumas of recent weeks. – Кейінгі апталарда қатты ашынғаннан соң ол болдырып қалды.