treasure [ˈtreʒə(r)] A.n 1. қазына, байлық, көмбе (асыл бұйымдардың жиынтығы) ♦buried treasure – көмілген қазына ♦a pirate’s treasure chest – қарақшының қазына қобдиы 2.асыл бұйым/ нәрсе, қымбат та бағалы бұйым/ нәрсе, қазына ♦the priceless art treasures of the Uffizi Gallery – Уффизи галереясындағы баға жетпес өнер қазыналары ♦(ауысп мағ) Liz is an absolute treasure - I couldn’t do without her. – Лизді бір қазына десе болады – онсыз істей алмас едім. B.v ∼ smth аялау, күтіп ұстау, жоғары бағалау (syn: cherish) ♦I treasure his friendship. – Ол - бір аяулы дос. ♦This ring is my most treasured possession. – Бұл жүзік - менің өте аялайтын дүнием. ♦memories that I will treasure for the rest of my days – өмір бойы мен аялап өтетін естеліктер/ есте қалған нәрселер