treat [triːt] A.v 1. (біреуге/бірн-ге) пәлендей қарау, пәлендей мінез-құлық көрсету, сыйлау не сыйламау, пәлендей көру, тсс ♦∼ smb/smth with smth to treat people with respect – адамдарды сыйлау, адамдарға құрметпен/ сыймен қарау ♦to treat people with caution/suspicion/dignity – жұртты байқау (жұртпен абайлау)/ жұртқа күмәнмен қарау/ жұртқа сыймен қарау ♦Treat your keyboard with care and it should last for years. – Клавиатураға ұқыппен қараса, ол талай жылға жарайды. ♦∼ smb/smth All candidates will be treated equally, regardless of age. – Кандидаттардың/ Үміткерлердің бәріне (де) жасына қарамастан, бірдей қарайтын болады. ♦They treat their animals quite badly. – Олар жануарларға жаман қарайды. ♦She felt unfairly treated. – Ол өзіне (басқа біреу, басқалар) дұрыс қарамады деп ойлады./ Ол (өзін басқа біреу, басқалар) сыйламады деп ойлады. ♦∼ smb/smth like smth My parents still treat me like a child. – Ата-анам маған әлі бала сияқты қарайды./ Ата-анам мені әлі (де) бала(дай) көреді. ♦∼ smb/smth as smth He was treated as a hero on his release from prison. – Абақтыдан шыққанда оны жұрт батыр(дай) көрді/ оған жұрт батыр деп қарады. ♦∼ smb/smth as if… They treat him as if he weren't even there. – Олар оны мүлде байқамағандай сыңай танытты./ Олар оны көзге де ілмеді. ♦I decided to treat his remark as a joke. – Оның сөзін қалжың деп ұққан жөн деп ойладым./ Оның сөзін қалжың көрген дұрыс деп ойладым. 2.қарастыру, қарау, пайымдау, топшылау, тсс ♦∼ smth The question is treated in more detail in the next chapter. – Бұл сұрақ келесі тарауда жан-жақты қаралады/ қарастырылады. ♦These allegations are being treated very seriously indeed. – Бұл айыптауларды зейін қоя қарастыруда./ Бұл айыптауларға зер сала үңілуде. ♦∼ smth as smth All cases involving children are treated as urgent. – Балаларға қатысты істердің бәрін шұғыл қарайды. 3.емдеу, ем беру ♦∼ smb The clinic has treated several thousand patients free of charge. – Клиника бірнеше мың пациентті/ науқасты тегін емдеді. ♦She was treated in hospital. – Ол ауруханада емделді./ Оны ауруханада емдеді. ♦∼ smb (for smth) with smth He was treated for depression with medication prescribed by his doctor. – Ол (өз) дәрігері жазып берген дәрімен депрессиядан/ торығудан емделді. ♦∼ smth to treat a disease/a condition – ауруды/ жағдайды емдеу ♦The hospital treated forty cases of malaria last year. – Ауруханада былтыр безгекпен ауырған қырық науқас емделді. ♦Antibiotics are used to treat bacterial infections. – Антибиотиктерді бактериялық инфекцияларды емдеуге пайдаланады. ♦∼ smth with smth The condition is usually treated with drugs and a strict diet. – Бұл күйді/ дертті дәрі-дәрмекпен және қатаң диетамен емдейді. 4. (бірнәрсені) дәрілеу, химикатпен күту, тсс ♦∼ smth (with smth) to treat crops with insecticide – егінге дәрі/ пестицид себу ♦wood treated with preservative – (арнайы) дәрілеген ағаш 5. ∼ smb/yourself (to smth) өзі үшін/ біреу үшін төлеу ♦She treated him to lunch. – Ол оны ресторанға шақырды. ♦Don't worry about the cost - I'll treat you. – Бағаға мән берме(ңіз) – мен төлеймін. ♦I'm going to treat myself to a new pair of shoes. – Өзіме жаңа аяқ киім алмақпын. 6. (idm) *treat smb like dirt (informal) «біреуге былғаныш нәрсеге қарағандай қарай», біреуді мүлде сыйламау ♦They treat their workers like dirt. – Олар (өз) жұмысшыларына қалай болса солай қарайды. 7. (phr v) *treat smb to smth біреудің көңілін ерекше бірнәрсемен көтеру ♦The crowd were treated to a superb display of tennis. – Жұрт керемет теннис ойынын тамашалады. B.n 1.қызық нәрсе, жанға жайлы нәрсе ♦When I was young chocolate was a treat. – Жас күнімеде шоколадқа өте қызығатынмын. ♦as a ∼ We took the kids to the zoo as a special treat. – Балалар мәз болсын деп оларды зоопаркке апардық. ♦in for a ∼ You've never been to this area before? Then you're in for a real treat. – Бұл жақта бұрын болмап па едің(із)? Онда сіз үшін өте қызық(ты) болмақ. ♦Let's go out for lunch - my treat. – Ресторанға баралық – мен төлеймін. 2. (idm) *a treat (BrE, informal) өте жақсы ♦His idea worked a treat. – Оның ойы/ идеясы табысты болды. ♦I don’t know whether she can act but she looks a treat. – Рөлді оның дұрыс ойнар-ойнамасын білмеймін, ал былай өзі өте жақсы сияқты. *trick or treat һәлоуин [қ-з: Halloween] кезінде балалардың үйді-үйді аралап кәмпит, тәтті сұрап, тәтті бермесеңдер келемеждейміз деп қалжыңдауы