trend [trend] A.n беталыс, бағыт, тренд (жағдайдың өзгеру, өрбу бағыты) ♦social/economic/political/demographic trends – әлеуметтік/ экономикалық/ саяси/ демографиялық беталыстар/ бағыттар/ трендтер ♦fashion/market trends – сән/ рынок беталыстары ♦∼ towards smth There is a growing trend towards later retirement. – Кеш пенсияға/ зейнетке шығу өсе түсуде. ♦current trends – қазіргі беталыстар/ бағыттар ♦This downward trend in sales is likely to continue. – Сауданың төмендеуі жалғаса беретін сияқты. ♦an upward trend – өсу, ұлғаю ♦long-term trends – ұзақ мерзімді беталыстар/ бағыттар/ трендтер ♦You seem to have set a new trend. – Бір жаңа бағыт бастаған сияқтысың. ♦This trend is being reversed. – Бұл беталыс/ бағыт/ тренд кері бұрылуда. ♦One region is attempting to buck the trend of economic decline. – Бір аймақ экономикалық құлдырауға қарсы тұрмақ/ шықпақ. ♦Regional growth figures are following the national trend. – Аймақтағы өсім көрсеткіштері елдегі беталыспен бірдей. ♦The underlying trend of inflation is still upwards. – Инфляция (өзегінің беталысы) әлі де жоғары қозғалмақ. ♦If this trend continues... – Жағдай осылай жалғаса берсе... ♦on ∼ Linen is on trend again this summer. – Зығыр қайтадан осы жазда сәнге ене бастады. B.v 1.бет алу, өрбу, бағыт алу ♦Prices have been trending upwards. – Бағалар арта түсуде. 2.интернетте белгілі бір мәселе не тақырып төңірегінде көп айту/ талқылау