trespass [ˈtrespəs] A.v 1. ∼ (on smth) бір жерге не үй-жайға рұхсатсыз не заңсыз кіру не сол жерден рұхсатсыз өту ♦He told me I was trespassing on private land. – Ол маған жеке(меншік) жерге (рұхсатсыз) кіріп бара жатырсыңыз деді. ♦The sign on the fence said ‘No trespassing’. – Шарбақта «Кіруге/ Өтуге болмайды» деп жазылыпты. 2. (old use) қате істеу, қателік жасау 3. (phr v) *trespass on smth (formal) біреудің уақытын, көмегін жөнсіз пайдалану (syn: encroach on) ♦I mustn't trespass on your time any longer. – Жә, бұдан артық уақытың(ыз)ды алмай-ақ қояйын. B.n 1. бір жерге не үй-жайға рұхсатсыз не заңсыз кіру 2. (old use) күнә, кінә (syn: sin)