trial [ˈtraɪəl] A.n 1.сот процесі, сот, сотта қарау ♦a murder/criminal trial – кісі өлімі соты/ қылмысты сотта қарау ♦on ∼ He's on trial for murder. – Оны кісі өлімі бойынша соттауда. ♦She will stand trial/go on trial for fraud. – Алаяқтығы үшін оны соттайды. ♦He should have been arrested and put on trial. – Оны тұтқындап, соттау керек. ♦She is awaiting trial on corruption charges. – Ол коррупциялық айыптаулар бойынша сот(та қарауды) күтуде. ♦He did not receive a fair trial. – Оны әділ соттамады./ Оның ісін сотта әділ қарамады. ♦the right to trial by jury – алқабилердің (присяжные) үкіміне жүгіну хақы ♦She was detained without trial. – Оны сотсыз ұстады/ қамады/ тұтқындады. ♦a trial judge/lawyer/court – соттаушы/ соттайтын судья/ заңгер (юрист)/ сот орны ♦She became a key witness in the trial. – Ол сотта бас куә болды. 2.сынақ, сынау (сапаны, қабілетті, тб сынау әрекеті/ процесі) ♦a clinical/field/randomized/controlled trial – клиникалық/ практикалық/ еркін (яғни, алдын-ала таңдамай)/ тізгіндеулі сынақ ♦Australia and the US have conducted joint trials of the drone. – Австралия мен АҚШ дронды бірлесе сынады. ♦She agreed to employ me for a trial period. – Ол мені (белгілі бір) сынақ мерзіміне жұмысқа алуға келісті. ♦on ∼ We had the machine on trial for a week. – Машинаны бір апта (бойы) сынадық/ сынақтан өткіздік. ♦a trial of strength – күш сынасу 3. (NAmE also tryout) спорт сайысы/ жарысы ♦Olympic trials – олимпиялық сайыстар ♦horse trials – бәйге, ат жарысы 4.сын, қиындық, ауыртпалық ♦the trials and tribulations of married life – некедегі қиындықтар мен қиналыстар ♦∼ to smb She was a sore trial to her family at times. – Кейде ол өз семьясы/ үй-іші үшін бір ауыртпалық еді. ♦(figurative) My first day at work was a trial by fire. – Жұмыстағы алғашқы күнім мен үшін отпен сынау болды. 5. (idm) *trial and error сынақтар мен қателер (түрлі әдіс-тәсілді сынап барып, дұрысын табу) (пробы и ошибки) ♦Children learn to use computer programs by trial and error. – Балалар комп-к программаларды қателесіп жатып үйренеді. B.v (BrE) ♦∼ (smth) сынау, сынап (сапасын, қабілетін, тб) тексеру, сынап көру