tribute [ˈtrɪbjuːt] n 1. ∼ (to smb) (қайтыс болған адамға, тб арналған) сый, құрмет, қошамет, құрмет/ қошамет сөз/ әрекет, еске алу (рәсімі) ♦At her funeral her oldest friend paid tribute to her life and work. – Оның жерлеу рәсімінде ескі досы оның өмірі мен (атқарған) жұмысы жайлы толғана сөйледі. ♦The crowd stood in silent tribute to those who had died in the war. – Соғыста қаза тапқандарды еске ала топ үнсіз тұрды. ♦This book is a fitting tribute to the bravery of the pioneers. – Кітап ізашарларды/ жолбастарларды құрметтей еске алады. ♦floral tributes – азалы гүл шоқтары 2. ∼ to smth/smb (бірнәрсенің/ біреудің) жақсы жұмысы/ әсері, тсс ♦His recovery is a tribute to the doctors' skill. – Ол дәрігерлердің шеберлігінің арқасында оңалды. ♦The bridge is a remarkable tribute to the skill of the Victorian railway engineers. – Бұл көпір Виктория заманы темір жол инженерлерінің жоғары шеберлігін паш етеді. 3.төлем, алым (бұрынғы кездерде бер елдің екінші бір елге көмек сұрай, тб беретін ақшасы)