trick [trɪk] A.n 1.қулық, алдау, айла, келеке, келемеж, жымысқылық, қалжың, (келеке) ойын, (қулықпен, айламен) шатастыру ♦They had to think of a trick to get past the guards. – Олар(дың) күзетшілерден өтудің айласын/ қулығын табуы керек болды. ♦The kids are always playing tricks on their teacher. – Балалар ылғи мұғалімдерін келекетіп ойнайды. ♦(ауысп мағ) One of the problems of old age is that your memory can start to play tricks on you. – Кәріліктің бір жаман жері – адамның ойы шатыса бастайды. ♦(ауысп мағ) Was there somebody standing there or was it a trick of the light? – Ана жерде біреу тұрды ма, жоқ жарықтан/ сәуледен солай көрінді ме? 2. (цирктегі, тб) сиқыр, айла, қулық, көзбайлау, фокус, трюк ♦He amused the kids with conjuring tricks. – Ол балалардың түрлі сиқырлар жасап, таң-тамаша етті. ♦a magic trick – керемет сиқыр ♦a card trick – картамен айлалар жасау 3.істің қыры, істің қыр-сыры, жақсы әдіс/ тәсіл ♦The trick is to pick the animal up by the back of its neck. – Әңгіме – жануарды желкесінен ұстап көтеріп алу. ♦a salesman who knew all the tricks of the trade – сауданың қыр-сырын білетін сатушы 4.карта ойынындағы жүріс 5. (idm) *a bag/box of tricks (informal) әдіс-тәсілдер; керек-жарақ ♦Hotel managers are using a whole new bag of tricks to attract their guests. – Қонақ үй менеджерлері/ басқарушылары меймандарды тарту үшін неше түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. *be up to your (old) tricks (informal, disapproving) баяғы жаман әдетіне басу, бұрынғысынша жаман мінез, тб таныту ♦He had soon spent all the money and was up to his old tricks. – Көп ұзамай ол бар ақшасын бітіріп, баяғы әдетіне басты. *do the trick (informal) мәселені шеше алу, оң нәтижеге жете алу ♦A bit more flour should do the trick. – Ұнды аздап қосса – болды/ дұрыс болады. *every trick in the book қолда бар амал/ айла/ әдіс-тәсіл ♦He'll try every trick in the book to stop you from winning. – Сені ұтқызбас үшін/ Сенің ұтуыңа жол бермес үшін ол бәрін істеп бағады. *have a trick, some more tricks, etc. up your sleeve [қ-з: sleeve (4)] *he, she, etc. doesn’t miss a trick (informal) «ол ешбір мүмкіндікті қалт жібермейді», біреу кез-келген оңтайлы сәтті жібермейді/ пайдаланып қалады *(you can’t) teach an old dog new tricks [қ-з: old (9)] *trick or treat [қ-з: treat (В2)] *the tricks of the trade [қ-з: trade (А5)] *turn a trick (NAmE, slang) біреумен ақшаға жыныс қатынасына түсу B.v 1.алдау, айласын асыру; алаяқтық жасау ♦∼ smb I'd been tricked and I felt stupid. – Алданып, сан соғып қалдым. ♦∼ your way He managed to trick his way past the security guards. – Ол айласын асырып, күзетшілерден өтті. 2. (phr v) *trick smb into smth/into doing smth (біреуді алдап) көндіру, істету ♦He tricked me into lending him £100. – Ол алдап-сулап менен £100 қарыз алды. ♦He tried to trick me into telling him. – Ол менен біліп алғысы келді. *trick smb/smth out (in/with smth) (literary) тартымды етіп киіндіру/ безендіру *trick smb out of smth біреуді алдап бірдеңесін алу, біреудің қалтасын қағу ♦She was tricked out of her life savings. – Ол алданып, өмір бойы жиған ақшасынан айырылып қалды. C.adj 1.алдамшы, алдайтын, қу, әккі, пасық, қуақы, жымысқы, құбылма ♦It was a trick question. – Ол бір жымысқы/ екіұшты сұрақ еді. ♦It's all done using trick photography. – Бұның бәрін құбылма фотографияның көмегімен істеген. 2. (NAmE) (дене мүшесі ж) әлсіз, дұрыс істемейтін ♦a trick knee – нашар тізе