trifle [ˈtraɪfl] A.n 1. (BrE) трифл (торт пен жемісті араластыра жасаған десерт/ салқын тәтті тағам) 2. a ∼ (formal) аздап, аз ғана, сәл ғана ♦She seemed a trifle anxious. – Ол сәл қобалжулы көрінді. 3. (formal) ұсақ-түйек, майда-шүйде ♦There’s no point worrying over such trifles. – Бұндай ұсақ-түйекке бола абыржудың жөні жоқ. ♦$1 000 is a mere trifle to her. - $1 000 – ол үшін ұсақ-түйек. B.v (phr v) *trifle with smb/smth (formal) онша сыйламау/ құрметтемеу ♦He is not a person to be trifled with. – О кісіге қалай болса солай қарауға болмайды.