trigger [ˈtrɪɡə(r)] A.v 1. ∼ smth жабдықты/ құралды қосып жіберу/ істету, істеп кетуіне түрткі/ себепші болу ♦to trigger an alarm – дабыл қақтыру 2. ∼ smth (off) (бірн-ге) түрткі болу, қоздыру, себепкер болу, болғызу (syn: set off) ♦Nuts can trigger off a violent allergic reaction. – Бұршақтар(дың) өршеленген аллергияны қоздыруы мүмкін. ♦The incident triggered protests across the country. – Оқиғадан соң бүткіл елде наразылықтар бұрқ ете қалды. 3. ∼ smb есіне салып/ алғызып мұңайту, тб ♦Sometimes, the slightest things trigger me because they remind me of my mum. – Кейде сәл нәрселер анамды есіме салып, мұңайтады. B.n 1.шүріппе (мылтықтың) (курок ружья) ♦to pull/squeeze the trigger – шүріппені тарту/ қысу ♦He kept his finger on the trigger. – Саусағын шүріппеден алмады. 2.түрткі, себеп ♦∼ for smth The trigger for the strike was the closure of yet another factory. – Ереуілге тағы бір заводтың жабылуы себеп болды. ♦The hijacking became a trigger point for military action. – (Ұшақты, тб) барымталау әскери әрекетке себеп болды.