triggering [ˈtrɪɡərɪŋ] А.adj 1.түрткі/себеп болатын, қоздыратын ♦We don't yet know the triggering event for the building's collapse. – Үй-жайдың құлауына ненің себеп болғанын әлі білмейміз. 2.ренжітетін, ашындыратын; уайымдататын; қоздыратын ♦Watching the video was a triggering experience for him. – Видеоны көріп ол біртүрлі болды. ♦∼ for smb There was a lot of anger and it was very triggering for a lot of people. – Ашу-ыза көп болып, бұл жайт талай адамның жүйкесін қажады. В.n түрткі, себеп; басталуына/ істеп кетуіне себеп/ түрткі болу ♦the triggering of an avalanche/an alarm – көшкінге/ дабылға себеп болу