trip [trɪp] A.n 1.сапар, барып-келу, барып-қайту, қыдыру, қыдырыс, саяхат, жүру ♦Did you have a good trip? – Жақсы барып-келдің(із) бе? ♦We went on a trip to the mountains. – Тауға барып, кезіп қайттық. ♦a boat/coach/bus trip – қайықпен/ автобуспен жүру/ сапар ♦a business/school/shopping trip – іскерлік сапар (бизнес сапары, жұмыспен барып-келу)/ мектепке барып-келу/ базарлап қайту ♦a fishing/camping trip – балық аулауға бару/ кәмпиң жасау ♦They took a trip down the river. – Олар өзенмен төмен қыдырды. ♦We had to make several trips to bring all the equipment over. – Барлық жабдықты әкелу үшін бірнеше рет баруымызға тура келді. ♦Jack made a return trip later that year. – Джәк сол жылы кейінірек ол жерге тағы бір рет барып келді. ♦The return trip on the bike was much easier and quicker than the outbound trip. – Великпен қайтқан барғаннан гөрі көп жеңіл болды. 2. (slang) есірткі/ наркотик ішіп мас болу 3.сүріну, шалыну, сүрініп/ шалынып құлай жаздау не құлау 4. (idm) *a guilt trip [қ-з: guilt (А2)] *a trip/walk down memory lane [қ-з: memory lane] B.v 1. сүріну, шалыну, сүрініп/ шалынып құлай жаздау не құлау ♦She tripped and fell. – Ол сүрініп (барып) құлады. ♦∼ over/on smth Someone will trip over that cable. – Біреу(-міреу) ана кабелге шалынып құлайды. ♦I tripped over my own feet and fell down the stairs. – Өз аяғыма сүрініп/ шалынып, басқыштан төмен құладым. ♦(figurative) I was tripping over my words in my excitement to tell them the news. – Қатты толқығанымнан оларға хабарды айта алмай тұтықтым. ♦(figurative) Lawyers were tripping over each other to get a piece of the action. – Тезірек әрекет ету үшін адвокаттар бір-бірімен жарысты. ♦∼ over/up Be careful you don't trip up on the step. – Байқа(ңыз), басқышқа сүрінбе(ңіз). 2. ∼ smb (also ∼ smb up) шалу, шалып құлату не құлатпақ болу ♦As I passed, he stuck out a leg and tried to trip me up. – Өтіп бара жатқанымда ол аяғын созып мен шалмақ болды. ♦The referee said Morgan was tripped and gave a penalty. – Төреші/ Рефери Морганды шалып құлатты деді де пенальти берді. 3. (literary) тепеңдеу, тыпырлау, тез-тез/ шапшаң жүру/ жүгіру билеу ♦She said goodbye and tripped off along the road. – Ол қоштасты да жолмен тепеңдей жөнелді. ♦She came tripping lightly down the stairs. – Ол басқышпен тепең қаға түсті. ♦(figurative) a melody with a light tripping rhythm – жеңіл тепеңі бар әуен/ ырғақ 4. ∼ smth тетікті, тб қосу/ істету/ оталдыру ♦to trip a switch – тетікті қосу ♦Any intruders will trip the alarm. – Үйге бұзып кіргенде дабыл қағылады. 5. (informal) есірткі/ наркотик ішіп мас болу 6. (idm) *roll/slip/trip off the tongue [қ-з: tongue (А8)] 7. (phr v) *trip up | trip smb up қателесу; қателестіру ♦Read the questions carefully, because the examiners sometimes try to trip you up. – Сұрақтарды байқап оқы, себебі кейде емтихан қабылдаушылар әдейі шатастыруға тырысады.