triumph [ˈtraɪʌmf] A.n 1.орасан зор табыс/ жетістік/ жеңіс, триумф ♦one of the greatest triumphs of modern science – қазіргі ғылымдағы орасан зор табыстардың бірі ♦∼ over smb/smth It was a personal triumph over her old rival. – Бұл оның өзінің көне бақталасын шаң қаптыруы еді. 2.шаттық, шексіз қуаныш, масайрау, даңқ ♦a shout of triumph – шаттана айқайлау ♦in ∼ The winning team returned home in triumph. – Жеңген команда өз жеріне салтанатпен/ даңқпен оралды. ♦‘I’ve done it,’ she thought with a sweet sense of triumph. – «Істедім!» деп ойлады ол іштей масайрай. ♦This was her moment of triumph. – Бұл оның даңққа бөленген сәті еді. 3. a ∼ (of smth) жарқын мысал; зор табыс ♦Her arrest was a triumph of international cooperation. – Оның қолға түсуі халықаралық әрекеттестіктің жарқын мысалы/ зор табысы еді. B.v ∼ (over smb/smth) жеңу, ұту; табысты болу ♦As is usual in this kind of movie, good triumphs over evil in the end. – Әдеттегідей, бұндай фильмнің соңында жақсылық зұлымдықты жеңіп шығады. ♦France triumphed 3–0 in the final. – Франция 3-0 есебімен финалда жеңді.