troll [trɒl; trəʊl] A.n 1.трол, трөл (Скандинавия ертегілеріндегі сиықсыз/ ұсқынсыз адам кейпіндегі мақұлық. Трөлдер нешетүрлі болады: кейбіреуі – алып әрі зұлым, кейбіреуі – кішкентай әрі қуақы) 2. (informal) трол(ь) (интернеттегі әңгіме тобына адамдарды ызаландыру үшін жіберетін хабар не осы хабарды жіберуші адам) B.v 1. ∼ (for smth) (especially NAmE) қайықтан бір не бірнеше қармақ тастап балық ұстау 2. (informal) іздеу, қарау ♦∼ smth for smth He trolled the internet for advice on the disease. – Ол интернеттен ауру жайында кеңес іздеді. ♦∼ for smth Both candidates have been trolling for votes. – Екі кандидат та сайлаушылар даусын өзіне тартпақ болды. 3. ∼ (smb/smth) тролдеу, трөлдеу, интернет арқылы біреу жайлы жалған не дөрекі жазу ♦Someone keeps posting snide comments on the forum, trolling for a reaction. – Біреу жұрттың көңіліне келсін деп форумға нашар пікірлер жазуда.