trouble [ˈtrʌbl] A.n 1.қиындық, қиналыс, пәле, қырсық, қиын жағдай, мәселе, тсс ♦to make/cause/spell trouble for somebody – қиындық жасау/ туғызу/ қиындыққа кезігу ♦He could make trouble for me if he wanted to. – Ол мені қинаймын десе, қинар еді. ♦Falling shark numbers could spell big trouble for ocean ecosystems. – Азайып бара жатқан акулалардың саны мұхит экожүйесіне үлкен қиындық туғызуы/ жаратуы мүмкін. ♦∼ with smb/smth The trouble with you is you don't really want to work. – (Сенің) мәселең сол – шынында жұмыс істегің келмейді. ♦She was on the phone for an hour telling me her troubles. – Ол маған бір сағат бойы басынағы қиыншылықтарын айтты. ♦Our troubles aren't over yet. – Қиындықтан әлі құтылмадық. ♦There was trouble brewing among the workforce. – Жұмысшылар арасында бір дау туып келе жатты. ♦in ∼ If I don't get this finished in time, I'll be in trouble. – Бұны уақтында бітірмесем, пәле болады/ басым пәлеге қалады. ♦We're in deep/serious trouble now! – Үлкен бір қырсыққа/ қиындыққа ұрындық/ душар болдық! ♦in ∼ with smb He's in trouble with the police. – Ол полицияға ұрынды. ♦out of ∼ Did you manage to stay out of trouble? – Әйтеуір пәледен аулақ болдың ба? ♦The company ran into trouble early on, when a major order was cancelled. – Бұрынырақта бір ірі заказды үзіп тастағанда, компания қиындыққа тап болды. ♦She got into serious financial trouble after running up large debts. – Ол үлкен қарызға кіріп кетті де қиындыққа ұрынды. ♦The police were expecting trouble after the match. – Матчтан кейін полиция бір пәлені/ бұзақылықты күтті. ♦If you're not in by midnight, there'll be trouble. – Түн ортасына дейін кел, әйтпесе болмайды. 2.ауру; шаншу ♦back trouble – арқа ауруы ♦He suffers from heart trouble. – Оның жүрегі ауырады. ♦I've been having trouble with my knee. – Тізем болмай жүр. 3.ақау, сынық, бұзылғандық, проблема, тсс ♦mechanical trouble – механикалық ақау/ проблема ♦My car's been having engine trouble. – Машинамның моторы болмай жүр. 4.әуре, әбігер, әлек, маза болу, тсс (syn: bother) ♦I don't want to put you to a lot of trouble. – Сені/ Сізді мазалағым/ әурелегім келмейді. ♦She went to a lot of trouble to find the book for me. – Маған кітапті табу үшін ол біраз әбігер болды. ♦Nothing is ever too much trouble for her. – Ол қашан да қол үшін беруге әзір. ♦It is worth taking the trouble to read the introduction. – Біраз көңіл бөліп, нұсқауды/ инструкцияны оқып алған дұрыс. ♦I never meant to cause you any trouble. – Сені ешбір мазалағым/ әурелегім келген емес. 5. (idm) *be asking for trouble | be asking for it (informal) өзіне-өзі пәле тілеу/ жасау ♦He was asking for trouble when he insulted their country. – Ол олардың еліне тіл тигізгенде өзіне пәле тілеп алды. *get smb into trouble (old-fashioned) (үйленбеген қызды) ауыр аяқ/ жүкті ету *give (smb) (some, no, any, etc.) trouble қиындық туғызу, әуре/ әбігер ету, тсс ♦My back's been giving me a lot of trouble lately. – Кейінгі кезде арқам қақсайтынды шығарып алды. ♦The children didn't give me any trouble at all when we were out. – Тысқа шыққанда балалар мені ешбір әурелемеді. *look for trouble пәле іздеу, қылығымен, тб дауға/ қиындыққа ұрыну ♦Drunken youths hang around outside looking for trouble. – Ішіп алған жастар сыртта бұзақыланып тұрды. *take trouble over/with smth | take trouble doing/to do smth бірн-ні жақсы істеу үшін өте талпыну ♦They take a lot of trouble to find the right person for the right job. – Жұмысқа лайықты адам табу үшін олар көп бейнеттенеді. *take the trouble to do smth талпыну, әрекеттену, тсс (syn: effort) ♦The teacher took the trouble to learn all our names on the first day. – Мұғалім алғашқы/ бірінші күні бәріміздің атымызды жаттап алуға тырысты. *a trouble shared is a trouble halved [қ-з: (А5)] B.v 1. ∼ smb (біреуді) қинау, мазалау, әбігерлеу, әурелеу, тсс ♦What is it that's troubling you? – Неге қиналып тұрсың(ыз)? ♦He was deeply troubled by the allegations. – Айыптаулар оған қатты тиді. ♦This latest news troubled him deeply. – Кейінгі хабар оны ойсыратып тастады. ♦This report raises numerous troubling questions. – Бұл хабардан соң біршама қиын сұрақ туады. ♦∼ smb Sorry to trouble you, but could you tell me the time? – Мазалағаныма ғафу етіңіз, сағаттың қанша екенін айтасыз ба? ♦I hate to trouble you, but could you move your car? – Мазаламақ ойым жоқ, дегенмен машинаңызды қозғайсыз ба? 2. ∼ to do smth (formal) талпыну, әрекеттену, ойлану, тсс (syn: bother) ♦He rushed into the room without troubling to knock. – Ол есік қақпастан бөлмеге кіріп келді. 3. ∼ smb ауырту, қақсау, шаншу ♦My back's been troubling me again. – Арқам тағы да қақсауда. ♦He has been troubled with a knee injury. – Ол тізесінен қиналып жүр.