true [truː] A.adj (truer, truest) 1.шын, рас, нақты, тура (opp: untrue) ♦true or false – шын/ рас не өтірік/ жалған ♦Can you prove that what you say is true? – Айтып тұрғаныңыздың шын/ рас екенін дәлелдей аласың(ыз) ба? ♦All the rumours turned out to be true. – Өсектің бәрі рас болып шықты. ♦be ∼ (that)… Is it true she's leaving? – Оның кететіні рас па? ♦It is certainly true that money can't buy you happiness. – Ақшаға бақыт(ты) сатып алуға болмайды деген сөз - рас. ♦That's not strictly true. – Бұл толықтай рас емес. ♦The novel is based on a true story. – Роман нақты оқиғаға негізделген. ♦∼ for smb/smth Unfortunately, these findings do not hold true for women and children. – Өкінішке орай, бұл ғылыми жаңалықтар әйелдер мен балалар үшін емес. ♦You never spoke a truer word. – Турасын/ Расын айтасың(ыз). ♦∼ (that)… It's true that he could do the job, but would he fit in with the rest of the team? – Оның жұмысты істей алатыны рас, алайда ол топтың басқа мүшелерімен шығыса ала(ды) ма? ♦It's perfectly true that I didn't help much, but I was busy. – Көп көмектесе алмағаным – рас, бірақ қолым тимеді. ♦‘We could get it cheaper.’ ‘True, but would it be as good?’ – «Бұны арзанға тапсақ болады». «Иә, бірақ осы сияқты жақсы бола(ды) ма?» ♦True enough, but that doesn't tell the whole story. – Иә/ Рас-ақ/Шын-ақ, бірақ әңгіме тереңде жатыр. 2.нақты, дәл, шын, рас ♦the true face of war – соғыстың нақты келбеті ♦This project demonstrates the true value of teamwork. – Жоба топтың қаншалықты жұмыла істей алғанын көрсетеді. ♦The true cost of these experiments to the environment will not be known for years to come. – Бұл эксперименттердің/ тәжірибелердің айналаға/ табиғатқа әсері алдағы жылдарда біліне қоймайды. ♦He reveals his true character to very few people. – Ол өз болмысын тек бірнеше адамға ғана ашады. ♦I did not realize the true nature of their relationship. – Олардың өзара байланыстарының нақты қандай екенін ұқпаппын. ♦She was unable to hide her true feelings for him. – Ол (әйел) оған (еркекке) деген (өзінің) шын сезімін жасыра алмады. 3.нағыз, шын ♦It was true love between them. – Олардың арасында нағыз махаббат болды. ♦He's a true gentleman. – Ол – нағыз джентльмен/ еркек. ♦The painting is a masterpiece in the truest sense of the word. – Картина – нағыз өнер туындысы. ♦He is credited with inventing the first true helicopter. – Ол ең алғаш рет нағыз вертолет жасап шығарғанымен белгілі. 4.нағыз, адал, айнымас ♦a true friend – нағыз/ айнымас дос ♦∼ to smb/smth She has always been true to herself. – Ол қашан да өз ақылына сүйенеді. ♦He was true to his word. – Ол өз сөзінде/ уәдесінде тұрды. ♦Many were executed for remaining true to their principles. – Көптеген адамды өз сенімдеріне/ принциптеріне адалдығы/ айнымастығы үшін өлтірді. ♦Knights swore to be true to their lord. – Рыцарьлер/ Баһадүрлер өз қожайындарына/ иелеріне адал болуға ант етті. 5. ∼ to (to smth) дәл, нақты ♦The movie is not true to the book. – Фильм (мазмұны) дәл кітаптағыдай емес. ♦The painting is a true likeness of her. – Картинаны оған (әйелге) өте ұқсата салған. 6. (old-fashioned or literary) тура, дәл ♦His aim was true. – Ол дәл көздеді/ көздеп атты. 7. (idm) *come true (үміті, тілегі, арманы, тб) орындалу, болу ♦Winning the medal was like a dream come true. – Медаль ұтып, арманы орындалғандай болды. ♦All her wishes came true. – Оның барлық тілегі орындалды. *ring true/hollow/false [қ-з: ring 2(А7)] *too good to be true «тым жақсы болып көрінгендіктен сену қиын» ♦Her new job sounds too good to be true. – Оның жаңа жұмысы тегі керемет естіледі. ♦I'm not surprised the offer wasn't genuine, it sounded too good to be true. – Ұсыныстың жалған болып шыққанына таңғалмаймын, тегі жақсы естіліп еді. *tried and true (NAmE) (BrE tried and tested/trusted) [қ-з: test (В5)] *your true colours (often disapproving) біреудің нақты болмысы/ келбеті/ мінезі, тсс ♦It was only after they got married that he showed himself in his true colours. – Неке қиғаннан соң ғана ол (еркек) өзінің кім екенін көрсете бастады. *true to form (біреудің мінез-құлқы ж) баяғысына/ баяғы қалпына басу/ салу, сол мінезін тағы көрсету ¨♦True to form, she managed to upset everyone before leaving. – Кетер алдында ол баяғы мінезіне басып, бәрінің көңіліне тиді. *true to life (кітап, фильм, тб ж) нақты өмірге/ өмірдегіге ұқсаған B.adv (old-fashioned or literary) 1.тура, түзу, дәл ♦The arrow flew straight and true to the target. – Жебе тура барып, дәл тиді. ♦He shot true. – Ол (оқты) дәл тигізді. 2. speak true шындықты/ ақиқатты айту C.n (idm) *out of true тура/ түзу емес, дұрыс орнында емес