trust [trʌst] A.n 1.сенім, сенушілік ♦Our partnership is based on trust. – Әріптестігіміз (өзара) сенімге негізделген. ♦It has taken years to earn their trust. – Олардың сеніміне ие болу/ кіру үшін талай жыл керек болды. ♦We worked hard to gain the trust of local people. – Жергілікті адамдардың сеніміне ие болу үшін аянбай жұмыс істедік. ♦∼ in smb/smth Her trust in him was unfounded. – Ол (әйел) оған (еркекке) бекер/ босқа сенді. ♦If you put your trust in me, I will not let you down. – Маған сенсең болады. ♦I want to thank all those people who have placed their trust in me. – Маған сенім білдірген бар(лық) адамға рахмет(імді) айтқым келеді. ♦She will not betray your trust. – Ол сеніміңді ақтайды. ♦He was appointed to a position of trust. – Оны өте жауапты жұмысқа тағайындады. ♦This is a serious breach of trust. – Бұл - сенімді аяқ асты етті деген сөз. ♦a lack of trust between the two countries – екі еле арасындағы сенімнің аздығы, екі елдің бір-біріне онша сенбеуі 2. ∼ (in smth) сенім, (бірн-ге) сүйену ♦We place so much trust in computers that it gets a little scary. – Компьютерлерге сеніп алғанымыз сонша(ма), кейде аздап қорқасың. ♦Voters need to have trust in the voting system. – Сайлаушылардың сайлау жүйесіне сенімі болуы керек. ♦Public trust in science is harmed by inaccurate journalism. – Қоғамның ғылымға сенімін солақай журнализм бүлдірді. 3. (law) біреудің қаражатын, дүние-мүлкін сол адам кәмелет жасына толғанша қамқорлыққа алу, қамқорлық, сеніп тапсыру; сенімдегі/ қамқорлықтағы қаражат я дүние-мүлік (опека над имуществом и т.п., доверительная собственность; имущество, управляемое по доверенности; управление имуществом по доверенности) ♦He set up a trust for his children. – Ол (өз) балалары үшін арнайы счет ашты. ♦The money will be held in trust until she is 18. – Ол он сегізге толғанша ақша қамқорлықта болады. ♦Our fees depend on the value of the trust. – Алатын төлеміміз қамқор(лықтағы) ақша көлеміне байланысты. 4. (law) инвестициядан түскен пайданы мейірім қорына (фонд благотворительности) беру 5. (especially NAmE, business) трест (бәсекені болдырмау, монополияға ие болу үшін заңсыз бірлескен/ ымыраласқан компаниялар тобы) ♦anti-trust laws – трестке қарсы заңдар 6. (idm) *in smb’s trust | in the trust of smb біреудің қарамағында/ асырауында ♦The family pet was left in the trust of a neighbour. – Үй-іші үй жануарын көршінің қарамағына тастады. *take smth on trust біреудің айтқанына (дәлел болмаса да) сену B.v 1.сену, сенімі болу ♦∼ smb She trusts Alan implicitly. – Ол Аланға сөзсіз сенеді. ♦He has shown that he can't be trusted. – Ол өзіне/ оған сенуге болмайтынын көрсетті., Ол өзінің сенімді ақтамайтынын көрсетті. ♦a trusted adviser/friend – сенімді дос/ кеңесші ♦You can trust me not to tell anyone. – Бұны ешкімге айтпаймын, маған сенсең болады. ♦Which party do you trust to run the economy? – Қай партияға экономиканы сеніп тапсырар едің? ♦∼ smth He trusted her judgement. – Ол (еркек) оның (әйелдің) пікіріне/ пайымына сенді. ♦Always trust your instincts. – Қашан да ішкі сезіміңе сен. ♦a trusted source – сенімді көз ♦∼ what… Don't trust what the newspapers say! – Газеттердің айтқанына сенбе! 2. ∼ (that)… (formal) сену, үміттену, ойлау, күту ♦I trust (that) you have no objections to our proposals? – Ұсыныстарымызға қарсылықтарың жоқ шығар деп ойлаймыз. 3. (idm) *not trust smb an inch біреуге мүлде сенбеу *tried and tested/trusted (BrE) (NAmE tried and true) [қ-з: test (В5)] *trust you, him, her, etc. (to do smth)(informal) біреу әдетінен жаңылмайды/ дағдылы ісін істейді ♦Trust John to forget Sue's birthday! – Қарап тұр, Джон Сьюдің туған күнін ұмытып кетеді. 4. (phr v) *trust in smb/smth (formal) сену, сенімі болу ♦She needs to trust more in her own abilities. – Ол өз қабілетіне сенуі керек. *trust to smth сену, үміттену, дәмелену ♦I stumbled along in the dark, trusting to luck to find the right door. – Қараңғыда дұрыс есікті табамын деп дәмеленіп, сүрініп кеттім. *trust smb with smth/smb біреуге сеніп тапсыру