try

try [traɪ] A.v (pt, pp tried) 1.талпынып/ тырысып көру/ бағу, талпыну, тырысу ♦I don't know if I can come but I'll try. – Келе алам(ын) ба, білмеймін, бірақ (тырысып) көремін. ♦∼ to do smth What are you trying to do? – Не істейін деп жатырсың(ыз)? I tried hard not to laugh. – Күлмеуге тырысып бақтым. You haven’t even tried to find it. – Бұны табуға да тырыспадың/ тырыспапсың. Don’t try to do it too quickly. – Бұны тым тез істеуге тырыспа/ тез істемей-ақ қой. I kept trying to remember where I had seen him before. – Оны қайда(н) көріп едім деп еске түсіруге тырысып бақтым. I was just trying to help! – Әшейін көмектесейін дегенмін/ дегенім! She was desperately trying to stay afloat. – Ол су бетінде қалқып тұруға жанұшыра тырысып бақты. ♦∼ your best/hardest (to do smth) She tried her best to solve the problem. – Проблеманы шешу үшін ол барын салды/ бар күшін салды. Just try your hardest. – Әшейін барынша талпынсаңшы. He tried and tried but he could not climb out. – Ол қанша талпынғанмен/ талпынса да өрмелеп шығып кете алмады. Please try again later. – Кейін тағы бір (шалып, келіп, тб) көріңіз. 2.сынап/ татып/ тексеріп/ істеп көру ♦∼ smth Have you tried this new coffee? It's very good. – Мына жаңа кофені (татып) көрдің(із) бе? Өте жақсы екен. ‘Would you like to try some raw fish?’ Have you ever tried skiing? – Шаңғы теуіп көріп пе едің(із)? Try these shoes for size - they should fit you. – Мына аяқ киімді киіп көргін/ көріңіз – саған/ сізге тура/ шақ келуі керек. She tried the door, but it was locked. – Есікті ашпақ болып еді – жабық екен. ♦∼ smth on smb/smth The treatment has not yet been tried on patients. – Бұл еммен науқастарды/ пациенттерді әлі емдеп көрмеді/ көрмеген. ♦∼ doing smth John isn't here. Try phoning his mobile. – Джон мұнда емес. Ұялы телефонына шалып көр(іңіз). 3.соттау ♦∼ smb (for smth) He was tried for murder. – Оны кісі өлтірді деп соттады. ♦∼ smth The case was tried before a jury. – Істі алқабилердің (присяжные) қарауына берді. 4. (idm) *do/try your damnedest (to do smth) [қ-з: damnedest]​ *do/try your level best (to do smth) [қ-з: level (В5)] *not for want/lack of trying [қ-з: lack (А2)] *these things are sent to try us [қ-з: thing (8)]​ *tried and tested/trusted (BrE) (NAmE tried and true) [қ-з: test (В5)] *try your hand (at smth) бірн-ні алғаш рет істеп көру *try it on (with smb) (BrE, informal, disapproving) a) біреуді ашуландыруға тырысу, біреуге тиісу ♦Children often try it on with new teachers. – Балалар жаңа мұғалімдердің жынын келтіруге жиі тырысады. b) біреуге қырындау, біреумен жыныс қатынасына түсуге тырысу *try your luck (at smth) [қ-з: luck (А3)] *try smb’s patience [қ-з: patience (3)] 5. (phr v) *try for smth бірн-ні алуға не ұтуға тырысу ​*try smth on (киімді) киіп көру/ тексеру ♦Try the shoes on before you buy them. – Сатып алмас бұрын аяқ киімді киіп көр(гін)/ көріңіз. *try smb/smth out (on smb) біреуді/ бірн-ні сынап/ тексеріп көру ♦They're trying out a new presenter for the show. – Олар шоудың жаңа жүргізушісі болады деген адамды сынауда/ тексеруде. *try out for smth ​(especially NAmE) орынға/ қызметке, тб таласу ♦She's trying out for the school play. – Ол мектеп пьесасындағы рольге таласуда. B.n (pl tries) 1.талпыныс, талпыну, тырысу, ұмтылыс, талпынып/ тырысып көру (syn: attempt) ♦I doubt they'll be able to help but it's worth a try. – Олар көмектесе алады деп ойламаймын, дегенмен сұрап/ өтініп көрелік. ♦∼ at doing smth Why don't you have a try at convincing him? – Оны көндіруге/ иландыруға неге тырыспайсың(ыз)? 2. сынап/ татып/ тексеріп/ істеп көру ♦I don't think I'll be any good at tennis, but I'll give it a try. – Теннисті дұрыс(тап) ойнай алмаспын, дегенмен (де) көрелік.