tuck [tʌk] A.v 1. ∼ smth (жейденің етегін, тб заттың шетін/ жиегін) ішке салу, (қағаздың шетін) қайырып ішке салу, тсс; (киімнің шетін) қайыру, түру, тсс ♦She tucked up her skirt and waded into the river. – Ол юбкасының етегін түріп алып, өзенге кірді. ♦The sheets should be tucked in neatly. – Төсек шыттарының шеттерін мұқият қайырып ішке салу керек. ♦Tuck the flap of the envelope in. – Конверттің жапқышын/ желпуішін ішке сал. 2. ∼ smth қайыру, қайырып ішке салу, тсс; бір жерге жасыра/ орнықты қою ♦She tucked her hair (up) under her cap. – Ол шашын бас киімінің ішіне қайырды. ♦He sat with his legs tucked up under him. – Ол аяқтарын (өз) астына қоя/ қайыра отырды. ♦The letter had been tucked under a pile of papers. – Хатты қатталған қағаздар астына тықты. 3. ∼ smth жабу, бүркеу, орау ♦She tucked a blanket around his legs. – Ол аяқтарын көрпеге орады. 4. (phr v) *tuck smth away a) be tucked away оңашада/ тыныш жерде орналасу ♦The shop is tucked away down a backstreet. – Дүкен артқы/ ішкі көшеде орналасқан. ♦The loos were discreetly tucked away behind a screen of trees. – Туалеттерді ағаштардың артында оңаша орналастырыпты. b) жасыру, дұрыс жерге қою, бөлек қою ♦She kept his letters tucked away in a drawer. – Ол (қыз) оның (жігіттің) хаттарын тартпаға жасырып салып қойды. ♦They have thousands of pounds tucked away in a savings account. – Олар мыңдаған фунтты жинақтау счетына салып қойды. c) (BrE, informal) тамақты көп/ қомағайлана жеу *tuck smb in/up көрпені қымтау, көрпеге орау/ орану ♦I tucked the children in and said goodnight. – Балалардың көрпесін қымтадым да, жақсы ұйықтаңдар дедім. *tuck in | tuck into smth (BrE, informal) ашқарақтана/ қомағайлана тамақ жеу ♦He was tucking into a huge plateful of pasta. – Ол үлкен табақтолы пастаны обып жатты. B.n 1. (киімге, матаға тігілген) бүрме, қыртыс ♦We could take a tuck in the waist to give it a more fitted look. – (Киімнің) беліне бүрме/ қыртыс салсақ, дұрысырақ көрінер еді. 2. (informal) (біреуді жасырақ не арығырақ көрсету үшін денедегі артық теріні не майды алып тастау үшін жасайтын) косметикалық операция ♦a tummy tuck – іштегі артық майды алып тастау операциясы 3. (BrE, old-fashioned, informal) (балалар мектепте жейтін) азық, тәтті (тағамдар) ♦a tuck shop – балалар азығы дүкені