tug

tug [tʌɡ] A.v 1.жұлқылау, тартқылау, жұлқу, тарту ♦∼ (at/on smth) She tugged at his sleeve to get his attention. – Ол (қыз) оны (жігітті) (өзіне) қарату үшін жеңінен тартты. ♦∼ smth The baby was tugging her hair. – Сәби шашын тартқылап жатты. ♦∼ smth He tugged the door open. – Ол есікті жұлқып/ жұлқи ашты. 2. ∼ smth/smb тарту, сүйреу ♦He tugged the hat down over his head. – Ол қалпақты басына тарта киді/ басып киді. 3. (idm) *touch/tug your forelock (to smb) [қ-з: forelock (2)] B.n 1. (also tugboat [ˈtʌɡbəʊt]) (айлақта/ портта кемелерді сүйрейтін) сүйрегіш қайық (буксирное судно) 2.жұлқып/ тартып қалу, жұлқу, тарту ♦I felt a tug at my sleeve. – Жеңімді біреудің тартқанын сездім. She gave her sister's hair a sharp tug. – Ол әпкесінің/ сіңлісінің шашын тартып қалды. 3.кенет көңіл-күй толқыны, кенет кернеген сезім ♦a tug of attraction – құштарлық толқыны