tune [tjuːn] A.n 1.әуен, ырғақ, әуез, мелодия ♦to sing/whistle a tune – бір әуенді салу/ ысқырып салу ♦He was humming a familiar tune. – Ол таныс әуенді ыңылдай салып жатты. ♦I can play a few tunes on the piano. – Пианинода бірнеше әуен ойнай аламын. ♦I don't know the title but I recognize the tune. – Атын білмесем де, әуенін танимын. ♦It was a catchy tune. – Ол бір тез есте қалатын әуен еді. 2. (idm) *be in/out of tune әуенді дұрыстап салу/ салмау, дұрыс/ дұрыс емес әуенде ән айту не музыка ойнау ♦None of them could sing in tune. – Олардың ешқайсысы әуенді дұрыстап сала алмады. ♦The piano is out of tune. – Пианино (әуенді) дұрыс ойнамайды. *be in/out of tune (with smb/smth) (біреумен/ бірн-мен) жарасу/ жараспау, үйлесу/ үйлеспеу, келісімде/ үйлесімде болу/ болмау, сай келу/ келмеу ♦These proposals are perfectly in tune with our own thoughts on the subject. – Бұл ұсыныстар біздің осы мәселе бойынша ойымызбен қабысады. ♦The President is out of tune with public opinion. – Президенттің әрекеті қоғамдық пікірге сай келмеуде. *call the shots/tune [қ-з: shot (А15)] *change your tune (informal) «әуенін өзгерту», (жағдай өзгергенде) пікірін өзгерту *dance to smb’s tune біреудің жетегінде/ айтқанымен жүру *he who pays the piper calls the tune [қ-з: pay (А7)] *march to (the beat of) a different drummer/drum | march to a different beat/tune [қ-з: march (А5)] *sing a different tune [қ-з: sing (В4)] *to the tune of smth (informal) «бірн-ң әуеніне сай», бірнәрсеге сай ♦The hotel has been refurbished to the tune of a million dollars. – Қонақ үйді бір миллион долларға жаңғыртты. B.v 1. ∼ smth муз-қ аспапты түзеу (яғни, ішектерін тартып, ойнауға әзірлеу) ♦to tune a guitar – гитарды/ гитараны түзеу 2. ∼ smth моторды түзеу/ дұрыстау ♦a finely tuned engine – мұқият дұрыстаған мотор 3.арналарды ауыстыру/ түзеу (радио, телевизордың, тсс) ♦be tuned (in) (to smth) The radio was tuned (in) to the BBC World Service. – Радио Би-Би-Си әлем қызметі арнасында еді. ♦(informal) Stay tuned for the news coming up next. – Енді жаңалықтарға құлақ түріңіз/ көңіл бөліңіз. 4. ∼ smth (to smth) дайындау, ыңғайлау, әзірлеу ♦His speech was tuned to what the audience wanted to hear. – Ол жұрт естігісі келген нәрсені айтты. 5. (phr v) *tune in (to smth) телерадиопрограмманы тыңдау/ көру ♦Don't forget to tune in to our special election programme this evening. – Бүгін кешке сайлау туралы арнайы хабарымызға көңіл бөлуді ұмытпаңыз. ♦Ten million people regularly tune in to see his show. – Бұл шоуды әдетте он миллион адам көреді. *tune in to smb/smth біреулердің ойы, сезімі жайлы білу, солардан хабардар болу *tune out | tune smb/smth out тыңдамай қою ♦When she started talking about her job, he just tuned out. – Ол (әйел) өз жұмысы жайлы айта бастағанда, ол (еркек) құлағын басқа жаққа бұрды. *tune up | tune smth up муз-қ аспапты түзеу (яғни, ішектерін тартып, ойнауға әзірлеу) ♦The orchestra was tuning up as we entered the hall. – Залға кіргенімізде, оркестр аспаптарын түзеп жатыр екен.