turf [tɜːf] A.n (pl turfs, turves [tɜːvz]) 1.шым, көгал ♦newly laid turf – жаңа/ енді төсеген шым/ көгал ♦(especially BrE) the hallowed turf of Wimbledon – Уимблдонның көнекөз шымы/ көгалы 2. (отын ретінде пайд-н) торф, жертезек, шымтезек 3. the ∼ бәйге, атжарыс 4. (informal) біреудің өзіне жайлы мекені/ жұмыс орны, тсс ♦He feels more confident on home turf. – Өз жағында/ жерінде ол өзін батылдау сезінеді. B.v 1. ∼ smth шым төсеу 2. (phr v) *turf smb out (of smth) | turf smb off (smth) (BrE, informal) біреуді жұмыстан/ ұйымнан, тб кетіру/ шығару (syn: throw smb out) ♦He was turfed out of the party. – Оны партиядан шығарып тастады. ♦The boys were turfed off the bus. – Балаларды автобустан шығарып тастады.