turn [tɜːn] A.v 1.айнал(дыр)у, бұра(л)у ♦The wheels of the car began to turn. – Машинаның дөңгелектері айнала бастады. ♦I can't get the screw to turn. – Бұранданы/ Шурупты бұрай алмай жатырмын. ♦The blades of the helicopter were turning slowly. – Вертолеттің қалақтары/ пропеллері баяу айналып жатты. ♦∼ smth I turned the knob and pushed the door open. – Тұтқаны бұрап, есікті аштым. ♦∼ smth He turned the key in the lock. – Ол құлпыдағы кілтті бұрады. ♦She turned the wheel sharply to the left. – Ол рульді кілт солға бұрды. 2.бұрылу, денесін бұру ♦We turned and headed for home. – Бұрылып, үйге (қарай) жүрдік/ кеттік. ♦∼ to do smth She turned to look at me. – Ол бұрылып маған қарады. ♦He turned back to his work. – Ол жұмысына қайта бұрылды. ♦I turned away and looked out of the window. – Кері бұрылып, терезеден тысқа қарадым. ♦∼ smth He turned his back to the wall. – Ол арқасын қабырғаға бере бұрылды. ♦I turned my face to the sky. – Жүзімді аспанға бұрдым. ♦She turned her head away. – Ол басын басқа жаққа бұрды. 3. ∼ smth бұру, қозғау, жантайту, айналдыру, тсс ♦She turned the chair on its side to repair it. – Ол жөндеу үшін орындықты жантайтты. ♦Turn the sweater inside out before you wash it. – Жуар бұрын свитердің ішін сыртқа айналдыр. 4.бұр(ыл)у, бағытын өзгерту, айналу ♦∼ into smth He turned into a narrow street. – Ол тар көшеге бұрылды. ♦We turned down a dark alleyway. – Қараңғы көшеге түстік. ♦∼ left/right Turn left at the traffic lights. – Светофорда солға бұрыл(ыңыз). ♦∼ smth The man turned the corner and disappeared. – Кісі бұрышты айналып, көрінбей кетті. ♦∼ smth into smth I turned the car into the car park. – Машинаны тұраққа бұрды. ♦∼ smth The pilot attempted to turn the aircraft towards a wooded area. – Ұшқыш самолетті ағаш өскен тұсқа бұрмақ болды. 5. (жол, өзен ж) бұрылу, (пәлен жаққа) кету ♦The road turns to the left after the church. – Шіркеуден соң жол солға кетеді/ бұрылады. ♦The river turns north at this point. – Осы жерден өзен солтүстікке кетеді/ бұрылады. 6. (парақты, бетті) аудару, ашу, парақтау ♦∼ smth He sat turning the pages idly. – Ол әшейін (кітап, тсс бетін) парақтап отырды. ♦∼ to smth Turn to p.23. – 23-інші бетті аш(ыңыз). 7. linking verb белгілі бір күйге/ жағдайға өзгер(т)у, (пәлендей) бол(ғыз)у ♦The leaves were turning brown. – Жапырақтар қоңыр тарта бастаған. ♦They say her hair turned white overnight. – Шашы бір түнде ағарып кетіпті дейді. ♦I could feel my face turn red with embarrassment. – Ұяттан бетімнің қызарғанын сездім. ♦The weather has turned cold. – Ауа-райы суытты. ♦He turned nasty when we refused to give him the money. – Оған ақша бермегенімізде ол бұлқан-талқан болды. ♦He decided to turn professional. – Ол кәсіби маман/ спортшы болуды ұйғарды. ♦∼ smth The heat turned the milk sour. – Ыстықтан сүт іріп кетті. ♦She turned a deathly shade of white when she heard the news. – Хабарды естігенде ол аппақ болып қуарып/ бозарып кетті. ♦He's a lawyer turned politician. – Ол - саясаткер болған адвокат. 8.бағыттау, көздеу, қарату, ауғызу, бұру ♦∼ smth on smb/smth/yourself Police turned water cannon on the rioters. – Полиция су атқышты бүлікшілерге бұрды. ♦He turned the gun on himself. – Ол қаруды өзіне бұрды. ♦∼ smth to smb/smth/yourself She looked at him then turned her attention back to me. – Ол (әйел) оған (еркекке) қарап, сосын маған кері/ қайта қарады. ♦∼ to smb/smth/yourself His thoughts turned to his dead wife. – Ойы (өзінің) қайтыс болған әйеліне ауды. 9.келе/ кете бастау ♦The tide is turning - we'd better get back. – Толқын қайта келе бастады – шыққанымыз дұрыс болар. 10.бұру, айдау, пәлендей ету, тсс ♦∼ smth They turned the horse into the field. – Олар атты далаға айдады/ бұрды. ♦∼ smth to turn the dogs loose – иттерді босату 11. ∼ smth бүктеу, жазу, қайыру, тсс ♦She turned down the blankets and climbed into bed. – Ол көрпені жазып, төсекке жатты. ♦He turned up the collar of his coat and hurried out into the rain. – Ол үст киімінің жағасын жоғары көтеріп алып, жаңбырға қойып кетті. 12. ∼ smth (денесін) бұрау, айналу, төңкеру, тсс ♦to turn cartwheels/somersaults – жерге екі қолды тірей айналу/ қол тіремей айналу (сальто жасау) 13. ∼ (smth) (around) (ойынның барысы) өзгеру, басқа арнаға бұрылу 14. linking verb белгілі бір жасқа толу/ келу; белгілі бір уақыт болу ♦She turns 21 in June. – Маусымда ол жиырма бірге келеді/ толады. ♦It's turned midnight. – Түн ортасы болды. 15. ∼ (your stomach) жүрегі айну, іші/ асқазаны бұзылу 16. ∼ smth (specialist) станокта қашау, станокта пішінін өзгерту/ жасау ♦to turn a chair leg – орындықтың аяғын станокта қашау/ жасау ♦turned boxes and bowls – станокта қашалған/ жасалған жәшіктер мен ыдыстар 17. (idm) *as it/things turned out [қ-з: thing (8)] *be well, badly, etc. turned out жақсы/ жаман, тб киінген *turn in his/her grave (BrE) (NAmE also roll (over) in his/her grave) [қ-з: grave 1(А3)] *turn round/around and do smth (informal) қалай ғана өйтеді/ бүйтеді, таңғалысты/ ренжісті білд ♦How could she turn round and say that, after all I've done for her? – Ол үшін не істемедім, енді (келіп) қалай ғана ол осылай айтады? 18. (phr v) *turn against smb | turn smb against smb біреуге қарсы шығу/ қою, аралары бұзылу ♦She turned against her old friend. – Ол өзінің ескі досына қарсы шықты. ♦After the divorce he tried to turn the children against their mother. – Ажырасқаннан соң ол (еркек) балаларын анасына қарсы қоюға тырысты. *turn around | turn smb/smth around (also turn round, turn smb/smth round especially BrE) кері/ қарама-қарсы жаққа бұр(ыл)у/ қою, айнал(дыр)у ♦Turn around and let me look at your back. – Кері бұрыл(ыңыз)шы/ Айнал(ыңыз)шы, жүзің(ізг)е қарайын. ♦I turned my chair around to face the fire. – Орындығымды айналдырып/ кері бұрып, отқа қараттым. *turn around | turn smth around (also turn round, turn smth round especially BrE) іс(і) оңға басу, жақсару, ілгерілеу *turn smb away (from smth) (біреуді) кіргізбеу, қайтару ♦Hundreds of people were turned away from the stadium. – Жүздеген адамды стадионға кіргізбей, қайтарды. ♦They had nowhere to stay so I couldn't turn them away. – Баратын жерлері болмаған соң, оларды қайтара алмадым/ оларға кет дей алмадым. *turn back | turn smb/smth back қайту, оралу; қайтару, оралту; шегін(дір)у ♦The weather became so bad that they had to turn back. – Ауа-райының нашарлағаны соншама, олардың қайтуына/ оралуына тура келді. ♦(figurative) We said we would do it - there can be no turning back. – Істейміз дедік – шегінуге болмайды. ♦Our car was turned back at the border. – Машинамызды шекарада қайтарды. *turn smb/smth down ұсынысты қабылдамау, келіспеу; біреуді жұмысқа алмау/ қабылдамау, тсс ♦Why did she turn down your invitation? – Шақыруың(ыз)ды ол неге қабыл алмаған? ♦He has been turned down for ten jobs so far. – Жұмыс іздеп барған он жері оны алмады. ♦He asked her to marry him but she turned him down. – Ол (жігіт) оған (қызға) үйленейік деп сөз айытқан, бірақ қыз келіспеді. *turn smth down (жабдықтан шыққан шуды, ыстықты, тб) азайту, басу, бәсеңдету ♦Please turn the volume down. – Дыбысын азайтшы/басшы/ азайта/ баса қойшы. ♦He turned the lights down low. – Ол жарықты бәсең етті. *turn in a) ішке қара(т)у ♦Her feet turn in. – Аяқтары (табандары) ішке қарайды. b) (old-fashioned) ұйықтау, төсекке жату ♦It’s late - I think I’ll turn in. – Кеш болды – жатайын. *turn smb in (informal) біреуді полицияға, тб ұстап беру ♦She threatened to turn him in to the police. – Ол (әйел) оны (еркекті) полицияға беремін деп қорқытты. ♦He decided to turn himself in. – Ол (қылмысын мойындай) полицияға өзі барды. *turn smth in a) (затты) қайтару, қайтіп беру ♦You must turn in your pass when you leave the building. – Үй-жайдан кетер алдында рұхсат қағазды (пропуск) қайтаруға тиіссіз. b) (especially NAmE) билік орындарына, тб тапсыру/ табыстау ♦They turned in a petition with 80 000 signatures. – Олар сексен мың адам қол қойған петиция тапсырды. ♦I haven't even turned in Monday's work yet. – Дүйсенбідегі жұмысты әлі тапсырмадым. c) ұпай алу, табысқа жету, пайда көру ♦The champion turned in a superb performance to retain her title. – Чемпион атағын қорғау үшін керемет өнер көрсетті. *turn in on yourself өз ісіне бас қойып, басқаларды ұмыту *turn (from smth) into smth бірн-ге айналу, бірнәрсе болу ♦Our dream holiday turned into a nightmare. – Армандаған демалысымыз азапқа айналды. ♦In one year she turned from a problem child into a model student. – Бір жыл(дың) ішінде қиын баладан ол үлгілі оқушыға айналды. *turn smb/smth (from smth) into smth (біреуді/ бірн-ні) бірнәрсе ету/ болғызу, бірн-ге айналдыру ♦Ten years of prison had turned him into an old man. – Абақтыдағы он жыл оны қартайтып тастады/ жіберді. ♦The prince was turned into a frog by the witch. – Мыстан кемпір принцті/ ханзаданы бақаға айналдырып жіберді. *turn off | turn off smth басқа жолға бұрылу/ түсу ♦Is this where we turn off? – Осыннан бұрыламыз ба? ♦The jet began to turn off the main runway. – Самолет ұшып-қону алаңындағы бас жолдан бұрыла бастады. *turn off(informal) «өшу», тыңдамай/ ойламай қою ♦I couldn't understand the lecture so I just turned off. – Лекцияны ұқпаған соң, тыңдауды доғардым. *turn smb off зерігу, жалығу ♦People had been turned off by both candidates in the election. – Сайлауда жұрт екі кандидаттан да жалықты. *turn smth off (жарықты, газды, суды, тб) өшіру, тоқтату, сөндіру ♦to turn off the light – жарықты өшіру/ сөндіру ♦They've turned off the water while they repair a burst pipe. – Тесілген құбырды жөндеген кезде, олар суды өшіріп/ тоқтатып қойды. ♦Please turn the television off before you go to bed. – Жатар алдында телевизорды сөндір(іңіз)ші. *turn on smb біреуге дүрсе қоя беру, біреуді бас салу, тиіскілеу, тсс ♦The dogs suddenly turned on each other. – Иттер кенет бір-бірін бас салды. ♦Why are you all turning on me? – Маған неге бәрің жабылып жатырсыңдар? *turn on smth a) бірн-ге байланысты болу, тәуелді болу ♦Much turns on the outcome of the current peace talks. – Қазіргі бейбіт келіссөздер нәтижесіне көп нәрсе байланысты. b) баса назар аудару, әңгіме желісіне арқау болу ♦The discussion turned on the need to raise standards. – Талқылау стандарттарды көтеруге көңіл бөлді. *turn smb on (informal) еліктіру, қызықтыру ♦Jazz has never really turned me on. – Джазға ешқашан онша қызықпаппын. ♦She gets turned on by men in uniform. – Ол униформа киетін еркектерге қызыққыш. *turn smb on (to smth) (informal) біреуді бірн-ге қызықтыру/ еліктіру ♦He turned her on to jazz. – Ол (жігіт) оны (қызды) джазға қызықтырды. *turn smth on (жарықты, газды, суды, тб) қосу ♦to turn on the heating – жылуды қосу ♦I'll turn the television on. – Телевизорды қосамын. ♦(figurative) He really knows how to turn on the charm. – Ол жұртты өзіне қарата/ тарта біледі. *turn out a) болып шығу, белгілі/ мәлім болу, тсс ♦∼ out that… It turned out that she was a friend of my sister. – Ол әпкемнің/ қарындасымның/ сіңлімнің досы болып шықты. ♦∼ out to be/have smth The job turned out to be harder than we thought. – Жұмыс біз ойлағаннан гөрі қиынырақ болып шықты. ♦The house they had offered us turned out to be a tiny apartment. – Олардың бізге үй деп ұсынғаны титтей пәтер болып шықты. b) болып шығу, пәлендей болу, тсс ♦Despite our worries everything turned out well. – Уайымдағанымызбен, бәрі дұрыс болып шықты/ болды. ♦You never know how your children will turn out. – Балалардың не істей қоятынын білу қиын. ♦If the day turns out wet, we may have to change our plans. – Жауын жауа қалса, жоспарымызды өзгертуіміз мүмкін. c) келу, қатысу ♦A vast crowd turned out to watch the procession. – Шеруді көруге жұрт қаптап келді. d) сыртқа қарау/ бағытталу ♦Her toes turn out. – Оның башпайлары сыртқа қараған. *turn smb/smth out жасап, тб шығару ♦The factory turns out 900 cars a week. – Завод жетісіне 900 машина жасайды. ♦The school has turned out some first-rate students. – Мектептен біршама үздік оқушы шықты. *turn smb out (of/from smth) (біреуді) кетіру, шығару *turn smth out f) (жарықты, жылуды) өшіру, сөндіру ♦Remember to turn out the lights when you go to bed. – Жатар алдында жарықты сөндіруді ұмытпа(ңыз). b) (BrE) тазалау, тазалап шығу ♦to turn out the attic – шатырды (үй төбесін) тазалау c) қалтаны ақтару/ тазалау d) сыртқа қарату ♦She turned her toes out. – Ол башпайларын сыртқа қаратты. *turn over a) аудару(ыл)у, төңкер(іл)у, ауна(т)у ♦If you turn over you might find it easier to get to sleep. – Аунасаң, оңайырақ ұйықтауың мүмкін. ♦The car skidded and turned over. – Машина тайып барып, төңкеріліп/ аударылып қалды. ♦(figurative) The smell made my stomach turn over. – Иіс жүрегімді айнытты. b) (мотор ж) оталу, оталып тұру c) телевизордың арнасын/ каналын ауыстыру *turn over smth пәлен сомаға бизнес жасау/ іс істеу ♦The company turns over £3.5 million a year. – Компания жылына £3.5 млн-ның шаруасын тындырады. *turn smth over a) аудару, төңкеру ♦Brown the meat on one side, then turn it over and brown the other side. – Еттің бір жағын қызарт, сосын төңкеріп/ аударып екінші жағын қызарт. b) мұқият/ таразылай ойлану ♦She kept turning over the events of the day in her mind. – Ол сол күні оқиғаны санасынан қайта-қайта өткізе берді. c) (дүкенде) сату, сатқан заттың орнын толтыру ♦A supermarket will turn over its stock very rapidly. – Супермаркет заттарын тез сатады. d) (informal) ұрлау, жымқыру, тонау ♦Burglars had turned the house over. – Ұрылар үйді тонап кетіпті. e) (моторды) оталдыру, қосу *turn smb over to smb біреуді полицияға, тб тапсыру/ ұстап беру; біреуді билік орындарының, тб қамқорлығына/ қарамағына беру ♦Customs officials turned the man over to the police. – Кеден өкілдері кісіні полицияға тапсырды. turn smth over to smb тізгінді/ бақылауды біреуге табыстау/ беру ♦He turned the business over to his daughter. – Ол бизнесті қызына табыстады. *turn smth over to smth қызметін/ жұмысын өзгерту/ икемдеу, тсс ♦The factory was turned over to the manufacture of aircraft parts. – Завод самолет бөлшектерін шығаратын болды. *turn to smb/smth біреуден/ бірн-ден көмек/ жәрдем сұрау ♦She has nobody she can turn to. – Көмек сұрар ешкімі жоқ. *turn up a) (жоғалған зат ж) табылу ♦Don't worry about the letter - I'm sure it'll turn up. – Хатты уайымдама – табылады. b) (кісі ж) келу, жету ♦We arranged to meet at 7.30, but she never turned up. – 7.30-да жолығамыз дегенбіз, бірақ ол келмеді. c) (мүмкіндік ж) кезігу, сәті түсу, болу ♦He's still hoping something will turn up. – Ол әйтеуір бір сәті түсер деп әлі үміттенеді. *turn smth up a) (дыбысты, жылуды, тб) көтеру, ұлғайту, арттыру b) (BrE) киімді қысқарту (opp: let smth down) c) табу ♦Our efforts to trace him turned up nothing. – Қанша іздесек те, оны таппадық. B.n 1.кезек (очередь) ♦When it's your turn, take another card. – Кезегің(із) келгенде, тағы бір кард/ карточка ал(ыңыз). ♦Please wait your turn. – Кезегің(із)ді күт(іңіз). ♦smb's ∼ to do smth Whose turn is it to cook? – Ас пісіретін кімнің кезегі?, Енді асты кім(нің) пісіруі керек? ♦Steve took a turn driving while I slept. – Ұйықтағанымда, Стив (кезекпен) рульге отырып машина айдады. ♦If you can't put any cards down you have to miss a turn. Қоятын ешбір картаң болмаса, кезегіңді жіберуге тиіссің. 2. (көлік ж) бұрылу, бұрылыс ♦Make a left/right turn into West Street. – Солға/ Оңға бұрылып, Уэст-стритке түс. ♦∼ to the left/right He made a sudden turn to the right. – Ол оңға кілт/ кенет бұрылды. 3. (especially NAmE) (BrE usually turning) (жолдағы) бұрылма, бұрылыс ♦Take the next turn on the right. – Келесі оңдағы бұрылысқа түс(іңіз)., Келесі бұрылыспен оңға кет(іңіз). ♦He took a wrong turn and ended up on the coast road. – Ол дұрыс бұрылмай, жаға(лау)дағы жолдан бір-ақ шықты. 4. (жолдағы) ирең, иін, ирек, бұрылыс ♦a lane full of twists and turns – ирең-ирең/ ирек-ирек жол 5.бұрау, айналдыру ♦Give the handle a few turns. – Тұтқаны бірнеше рет бұра. ♦The engine started with the first turn of the key. – Мотор бір бұрағаннан(-ақ) оталды. 6. (күтпеген, ерекше) өзгеріс, бұратылыс, бұраңдау, бұралаңдау, бұлталақтау ♦a surprising turn of events – оқиғалардың бірқызық/ таңырқарлықтай өрбуі ♦His health has taken a turn for the worse. – Оның денсаулығы күрт нашарлап кетті. ♦Events took a dramatic turn in the weeks that followed. – Содан кейінгі апталарда оқиғалар қауырт бұралаңдады. ♦by ∼s The book is, by turns, funny and very sad. – Кітапта қызық пен қайғы қат-қабат келеді.7.кезектесе ән айту/ өнер көрсету, тсс ♦Everyone got up on stage to do a turn. – Әркім өз кезегінде сахнаға шығып, өнер көрсетті. 8. (old-fashioned) қысқа қыдырыс, аздап жүріп қайту ♦We took a turn around the park. – Паркке барып, жүріп қайттық. 9. (old-fashioned) дімкәстік, бейжай сезім, сырқат ♦a funny turn – басы айналу ♦Grandma had one of her turns. – Әжем тағы бір сырқаттанып алды. 10. (idm) *at every turn «әр қадам басқан сайын», әр қимылдаған/ әрекет еткен сайын, әр қадамда/ әрекетте ♦At every turn I met with disappointment. – Әр қадамымда ренішке кез болдым/ кезігіп отырдым. ♦Her ideas were blocked at every turn. – Ол идеяларын ұсынған сайын, (басқалар) бөгеп отырды. *done to a turn асты уақытына сай пісірген *give smb a turn (old-fashioned) біреуді қорқыту/ үркіту ♦You gave me quite a turn, creeping up on me like that! – Жаныма жымыңды білдіртпей келіп, шошытып жібердің ғой! *do smb a good/bad turn біреуге көмектесу/ көмектеспеу ♦You did me a good turn by driving Max home last night. – Кеше кешке Максті үйге (машинаңмен) әкеліп, маған бір жақсылық істедің. *in turn a) кезек, кезектесе, кезекпе-кезек ♦The children called out their names in turn. – Балалар өз аттарын/ есімдерін кезектесе айтып шықты. b) өз кезегінде, өз нәтижесінде ♦Increased production will, in turn, lead to increased profits. – Өндірістің өсімі, өз кезегінде, пайданы өсіреді. *not do a hand’s turn(old-fashioned) жұмыс/ іс істемеу ♦She hasn't done a hand's turn all week. – Бір апта бойы ол саусақ қимылдатпады. *one good turn deserves another (saying) «сыйға сый», өзіңе көмектескен адамға көмектес *on the turn (especially BrE) өзгерейін деген ♦Hopefully my luck was on the turn. – Жолым болар/ болып қалар деп үміттенемін. *out of turn кезектен тыс, кезегі/ реті келмесе де ♦I'm writing to you out of turn because I have some very important news. – Сізге/ Саған шұғыл жазып отырмын, себебі бір маңызды хабарым бар. *serve your/its turn (BrE) белгілі бір мақсатқа не кезеңге пайдалы болу *speak/talk out of turn [қ-з: speak (5)] *take turns (doing smth/in doing smth/to do smth) (BrE also take it in turns) өз кезегімен істеу, кезектесе істеу, кезекпе-кезек істеу ♦The male and female birds take turns in sitting on the eggs. – Құстардың қораздары мен мекиендері тұқымдарды/ жұмыртқаларды кезектесе басады. ♦We take it in turns to do the housework. – Үй жұмысын кезектесе істейміз. ♦The kids took turns on the swing. – Балалар әткеншекті кезектесе тепті. *the turn of the century/year ғасырлар/ жылдар тоғысында, ғасырлар/ жылдар ауысатын кез ♦It was built at the turn of the century. – Бұны ғасырлар тоғысында салған. ♦The team are unbeaten since the turn of the year. – Өткен жылдың соңынан бері команда ұтылмады. *a turn of mind ойлау салты, ойлау әдеті *a turn of phrase [қ-з: phrase (А4)] *a turn of the screw [қ-з: screw (В7)] *a turn of speed [қ-з: speed (А6)]