turnaround [ˈtɜːnəraʊnd] n (BrE also turnround) 1. (кемеден, самолеттен, тб жүк, жолаушы, тб) түсіріп-тиейтін уақыт ♦Budget airlines rely on very fast turnaround times. – Бюджет авиалиниялары үшін тез түсіріп-тиеу қажет. 2. ∼ (between A and B) тапсырылған іс үшін берілген уақыт ♦Customers want a quick turnaround between order and delivery. – Клиенттер заказдың тез жеткізілгенін қалайды. 3.жақсыға өзгеру, оңалу, жақсару ♦a turnaround in the economy – экономиканың оңалуы 4.мүлде өзгеріс/ өзгеру, қарама-қарсы/ кері жаққа өзгеру/ бұрылу ♦They remain suspicious about the government’s turnaround on education policy. – Үкіметтің білім (беру) саясатының мүлде өзгеруіне олар күдікпен қарайды.