twilight [ˈtwaɪlaɪt] n 1.іңір, ымырт, ақшам (күн батып, қараңғы түсе бастаған кез) ♦in the ∼ It was hard to see him clearly in the twilight. – Ымыртта оны анық көру қиын болды. ♦at ∼ We went for a walk along the beach at twilight. – Күн батқан соң пляжды бойлай жүрдік. ♦(ауысп мағ) She was in the twilight of her career by then. – Ол кезде оның еңбек жолы аяқталуға жақын еді. ♦(ауысп мағ) He spent his twilight years living with his daughter in Bristol. – Өмірінің соңғы жылдарын ол қызымен бірге Бристольде өткізді. 2. (idm) *a/the twilight world (of smth) | the twilight zone біртүрлі/ құпия/ жұмбақ күй/ жағдай, екіұдай күй; екі нәрсенің арасындағы күй, аралық жағдай/ күй, екіара ♦the twilight world of espionage – шпионаждың құпия әлемі ♦the twilight zone between living and merely existing – өмір сүру мен күнелтудің арасы ♦They lived in the twilight zone on the fringes of society. – Олар қоғамның тысқары/ шеткері қабатындағы беймәлім ортада өмір сүрді.