twinge [twɪndʒ] n шаншып тоқтау, шаншып кету, қақсап тоқтау, тыз ету, тызыл ♦He felt a twinge in his knee. – Тізесі тыз етті. ♦I still get the occasional twinge of pain. – Кейде (денемнің бір бөлігі) қақсап/ шаншып барып тоқтайды. ♦(ауысп мағ) a twinge of disappointment – реніш тызылы ♦(ауысп мағ) I felt a twinge of envy at her success. – Оның табысын көріп ішімді қызғаныш қарып өтті.