twinkle [ˈtwɪŋkl] А.v жылтылдау, жылт-жылт ету, жылтыңдау, жылтырау, жымыңдау; (көз ж) күлімдеу ♦Stars twinkled in the sky. – Аспанда жұлдыздар жылтылдады. ♦twinkling lights in the distance – алыстан көрінген жылтылдаған жарықтар ♦(ауысп мағ) twinkling blue eyes – күлімдеген көгілдір көздер ♦(ауысп мағ) ∼ with smth Her eyes twinkled with merriment. – Көздері мейірлене күлімдеді. В.n жылтыл, жымың; жылтылдау, жымыңдау, жылтырау, жылт-жылт ету; (көз ж) күлімдеу, жылтырау ♦the twinkle of stars – жұлдыздар жылтылы ♦the twinkle of the harbour lights in the distance – алыстан жылтылдаған/ жылтыраған айлақ шамдары ♦(ауысп мағ) He looked at me with a twinkle in his eye. – Ол маған көздері күлімдей/ жылтырай қарады.