twist [twɪst] A.v 1. ∼ smth (into smth) ию, майыстыру, бүгу, бұрау ♦Twist the wire to form a circle. – Сымды/ Сымтемірді шеңбер жасай и. ♦Her hair was twisted into a knot on top of her head. – Шашын төбесіне түйіпті. 2. (қолды) қайыру, бұрау; (бет ж) тыжырыну, тыжырану, тыжыраю ♦∼ smth He grabbed me and twisted my arm behind my back. – Ол шап беріп, қолымды арқама қайырды. ♦Her face twisted in anger. – Жүзі ашудан тыжырынды/ тыжырайды. 3. (басын, денесін) бұру, бұрылу ♦∼ smth He twisted his head around to look at her. – Ол (жігіт) оған (қызға) басын бұра қарады. ♦She twisted in her chair when I called her name. – Атын атағанымда ол орындығында отыра маған бұрылды. 4.жалтару, бұлтару, бұраңдау, жұлқыну ♦I twisted and turned to avoid being caught. – Ұсталып қалмас үшін жалтарып/ бұлтарып кеттім. ♦She tried unsuccessfully to twist free. – Оның өзін босатпақ болып жұлқынғанынан ештеңе шықпады. ♦∼ smth/yourself He managed to twist himself round in the restricted space. – Ол тар жерді айналып өте алды. 5. ∼ smth (айналдыра) бұрау ♦Twist the knob to the left to open the door. – Есікті ашу үшін тұтқасын солға бұра. ♦Nervously I twisted the ring on my finger. – Тағат таппай саусағымдағы жүзікті бұрадым. 6.бұраңдау, бұралаңдау, бұралу, иреңдеу, әрі-бері бұрыла беру ♦The road twists and turns along the coast. – Жол су жағасында иреңдейді/ бұра(ла)ңдайды. ♦narrow twisting streets – тар ирең/ бұралаң/ ирек көшелер ♦a twisting staircase – бұралаң/ ирең баспалдақ 7. ∼ smth (қолын, аяғын, тсс байқамай) қайырып/ созып алу, қайыру, созу ♦She fell and twisted her ankle. – Құлап, тобығын қайырып алды. 8. ∼ smth орап байлау, орау ♦She twisted a scarf around her head. – Ол басын айналдыра шарф орады. ♦I twisted the bandage around his leg. – Шүберекті оның аяғын айналдыра байладым. ♦The telephone cable has got twisted. – Телефон кабелі оралып/ оратылып қалды. 9. ∼ (round/around smth) (бірн-ні айнала) оратылу, өрмелеу, оралу; (шырмауық ж) өрмелеу, өрмелей өсу ♦A snake was twisting around his arm. – Жылан оның қолына оратылды. 10. ∼ smth (сөзді, фактіні) бұрмалау, боямалау (syn: misrepresent) ♦You always twist everything I say. – Не айтсам да, бұрмалайсың/ бұрып әкетесің. ♦The newspaper was accused of twisting the facts. – Газетті фактілерді бұрмалайды деп айыптады. 11. ∼ smth (into smth) (арқан, жіп, тсс) өру, есу ♦They had twisted the sheets into a rope and escaped by climbing down it. – Олар төсек шыттарын арқан етіп өріп, (сол арқылы) төмен түсіп қашып кеткен. 12. (idm) *turn/twist the knife (in the wound) «пышақпен жараны ауырту», «жараға тұз жағу», біреуге әдейі жаман сөз айту/ жамандық істеу ♦Marcia laughed as she twisted the knife still deeper. – Жараға тұз жаққан сайын Марсианың айызы қана қарқылдады. *twist smb’s arm (informal) «біреудің қолын қайыру/ бұрау», көндіру, мәжбүр ету *twist/wrap/wind smb around your little finger (informal) «біреуді шынашақтан айналдыру, тсс», біреуді кез-келген нәрсеге көндіру ♦She has always been able to twist her parents around her little finger. – Ол не айтса да, ата-анасы істейді. 13. (phr v) *twist smth off бұрап жұлып алу, бұрап жұлып алып тастау ♦I twisted off the lid and looked inside. – Қақпағын бұрап жұлып алып ішіне қарадым. ♦Gently twist off the green stalks. – Жасыл сабақтарды еппен жұл(ып ал). B.n 1.бұрау; (денесін) бұру ♦She gave the lid another twist and it came off. – Ол қақпақты тағы бір бұрағанда, ашылды. ♦He gave a shy smile and a little twist of his head. – Ол ұяң жымиып, басын сәл бұрды. 2.бұралаң, ирең, бұраң, бұлталақ, тәлкек ♦the twists and turns of his political career – саяси карьерадағы иреңдер/ бұралаңдар ♦The story has taken another twist. – Әңгіме басқа бір жаққа бұрылып кетті. ♦By a curious twist of fate we met again only a week or so later. – Тағдырдың тәлкегімен, бір жетіден кейін не сол шамада тағы (бір-бірімізбен) жолықтық. 3. (жолдағы не өзендегі) ирең, кілт бұрылыс, ирек, кілт иін, бұралаң ♦The car followed the twists and turns of the mountain road. – Машина таудың ирең(деген)/ бұралаң(даған)/ ирек жолымен жүріп отырды. ♦They approached a twist in the path. – Жаяу жолдағы кілт бұрылысқа жеттік. 4.белгілі бір пішінге бұраған/ иген, тсс нәрсе ♦mineral water with a twist of lemon – минерал сумен берілген ирең(дете тілген) лимон 5. the ∼ твист, туист (1960 жж кең тараған қисаңдай билейтін би) 6. (idm) *get your knickers in a twist (BrE) (NAmE get your panties in a bunch) (informal) ашулану, шатасу, ренжу *round the bend/twist (especially BrE, informal) есі ауысқан, ақымақ, есалаң