twitch [twɪtʃ] A.v 1. ∼ (smth) (дененің бір бөлігі ж) дір ет(кіз)у, дірілдеу, тітіркену, тітірену, жыбырлау, қалтырау, қозғалып кету ♦Her lips twitched with amusement. – Еріндері таңырқай дір етті. ♦The cats watched each other, their tails twitching. – Мысықтар бір-біріне қарап тұрды, құйрықтары дір-дір етеді. ♦The animal lay on the ground, its whole body twitching and jerking. – Аң жерде жатты, бүткіл денесі дірілдеп, қалтыраған. 2. ∼ (smth) жұлқып/ тартып қалу ♦He twitched the package out of my hands. – Ол пакетті қолымнан жұлып алды. ♦Mark twitched the cigarette from his mouth. – Марк темекіні (өз) аузынан суырып алды. ♦The curtains twitched as she rang the bell. – Қоңырау соғылғанда, перделерді жұлқи тартты. B.n 1.діріл, дір ету, қозғалып кету, жыбыр(лау) ♦She has a twitch in her left eye. – Оның сол көзі тартады. ♦He has a nervous twitch in his cheek. – (Ол) қобалжыса, беті жыбырлайды/ тартады. 2.діріл, жыбыр, қозғалып кету, қалтырау; дір еткен сезім ♦He greeted us with a mere twitch of his head. – Ол сәлемдескен болып бізге басын изей салды. ♦At that moment she felt the first twitch of anxiety. – Сол сәтте санасында дір еткен қобалжу пайда болды. ♦Martin gave a slight twitch of his eyebrow. – Мартин қасын дір еткізді.