unaffected [ˌʌnəˈfektɪd] adj 1. ∼ (by smth) өзгермеген, әсер етпеген ♦People's rights are unaffected by the new law. – Жаңа заң адамдардың хақына әсер етпеді. ♦Some members of the family may remain unaffected by the disease. – Үй-ішінің кейбір мүшелеріне бұл ауру жұқпауы мүмкін. ♦She was seemingly unaffected by his presence. – Ол (қыз) оған (жігітке) қарамай тұра берді. 2. (approving) (кісі мен оның жүріс-тұрысы ж) шынайы, табиғи (opp: affected) ♦She had a warm smile and an unaffected manner. – Ол жылы шырайлы, мінезі табиғи еді. ♦He greeted me with unaffected warmth. – Ол мені мейірлене қарсы алды.