unassuming [ˌʌnəˈsjuːmɪŋ] adj (approving) жуас, біртоға, тұйық, ұяң, қарапайым, жұрт көзіне көп түскісі келмейтін, оңашалықты жақсы көретін (syn: modest) ♦He's a man of few words, very polite and unassuming. – Ол - көп сөйлемейтін, өте сыпайы әрі жуас адам. ♦She has a gentle, unassuming manner. – Ол – биязы да ұяң. ♦He has won public affection for his unassuming style. – Ол өзінің біртоғалығымен жұрт құрметіне бөленді.