unchallenged [ʌnˈtʃælɪndʒd] adj 1.шүбәсіз, күмәнсіз, сөзсіз мойындалған/ расталған; сұрақ/ күмән тумаған ♦She could not allow such a claim to go unchallenged. – Бұндай сөзді/ пікірді ол жай қалдыра алмады. ♦These ideas have remained largely unchallenged for 60 years. – Бұл идеялар/ ойлар алпыс жыл бойы жалпы күмән туғызбады. 2. (билеуші, әмірші, тб ж) ешкім қарсы/ тура келмеген, ешкім қарсы сөз айта алмаған/ айтпаған ♦He is in a position of unchallenged authority. – Оның билігіне ешкім қыңқ дей алмайды/ қарсы шыға алмайды. 3.ешкім тексермеген, тоқтатпаған, тсс ♦I walked into the building unchallenged. – Үй-жайға еш кедергісіз кірдім.