uncomfortable [ʌnˈkʌmftəbl; ʌnˈkʌmfətəbl] adj 1. (киім, мебель, тб ж) ыңғайлы емес, ыңғайсыз, жайлы емес, жайсыз, қолайсыз, рахатсыз (opp: comfortable) ♦uncomfortable shoes – ыңғайсыз аяқ киім ♦I couldn't sleep because the bed was so uncomfortable. – Ұйықтай алмадым, себебі төсек жайсыз болды. ♦I find these chairs incredibly uncomfortable. – Мына креслолар/ орындықтар мүлде жайсыз деп ойлаймын. 2. (өзін) бейжай, жайсыз (сезінген), біртүрлі, дімкәс, рахатсыз, діңкелететін; ыңғайсыз, қолайсыз (opp: comfortable) ♦I was sitting in an extremely uncomfortable position. – Мүлде ыңғайсыз отырдым. ♦it is ∼ to do smth It was uncomfortable to walk for long periods of time. – Ұзақ уақыт жаяу жүрген адамды діңкелетеді екен. ♦She still finds it uncomfortable to stand without support. – Жәрдемсіз ол әлі дұрыс тұра алмайды. ♦Sharp stones on the path made walking barefoot rather uncomfortable. – Аяқ жолдағы өткір тастар жалаң аяқ жүргенді қиын етті. 3. біртүрлі, бірқысым, абыржыған, абдыраған, қысылған, қобалжыған, ұялған, жүрексінген, қорыққан, тсс (opp: comfortable) ♦He looked distinctly uncomfortable when the subject was mentioned. – Мәселе қозғалғанда ол біртүрлі болып қалды. ♦∼ with smth She felt uncomfortable with the way George looked at her. – Ол (әйел) Джордждың өзіне қарасына(н) біртүрлі болды. ♦They are uncomfortable with the idea of a military assault. – Әскери шабуыл туралы ой/ идея оларды біртүрлі етеді. ♦The thought made her even more uncomfortable. – Бұл ой оны тіпті жайсыз етті. ♦There was an uncomfortable silence. – Біртүрлі үнсіздік орнады/ болды. ♦∼ about doing smth She was always a little uncomfortable about being photographed. – Ол ылғи/ үнемі фотографияға түскеннен қашқақтайтын. ♦∼ about smth They are uncomfortable about the compromises they have made. – Олар өздерінің келісімге келгендегі шегінісітері жайлы көп айтқысы келмейді. ♦∼ to do smth The film is often very uncomfortable to watch. – Мына фильмнің көп жері көргенге жайсыз/ біртүрлі. 4.жайсыз, ыңғайсыз, біртүрлі ♦an uncomfortable fact – жайсыз/ ыңғайсыз факт ♦I had the uncomfortable feeling that it was my fault. – Бұл менің кінәм-ау деген өзімде бір жайсыз сезім болды. ♦an uncomfortable reminder – жайсыз ескерту