uncomfortably [ʌnˈkʌmftəbli] adv [қ-з: uncomfortable] ♦I became uncomfortably aware that no one else was laughing. – Басқалардың күлмей отырғанын сезіп, біртүрлі болдым. ♦Her comment was uncomfortably close to the truth. – Жайсыз болса да, оның сөзі шындыққа жақын еді. ♦He shifted uncomfortably in his seat when I mentioned money. – Ақшаны айтқанымда ол орнында жайсыз қозғалды. ♦I was feeling uncomfortably hot. – Қатты ыстықтай бастадым. ♦She perched uncomfortably on the edge of the table. – Ол столдың бір шетінде ыңғайсыз отырды.