uncommon [ʌnˈkɒmən] adj 1.сирек ұшырасатын/ кездесетін (syn: unusual, rare) (opp: common) ♦an uncommon occurrence – сирек болатын нәрсе ♦Side effects from the drug are uncommon. – Бұл дәрінің жағымсыз жақтары – сирек. ♦It is not uncommon for college students to live at home. – Колледж студенттерінің үйде жатып оқуы - қалыпты нәрсе. ♦Red squirrels are uncommon in England. – Қызыл тиіндер Англияда сирек ұшырасады. 2. (formal or literary) (syn: remarkable) ерекше, бөлекше, өзгеше, оғаш ♦She showed uncommon pleasure at his arrival. – Оның (жігіттің) келгеніне ол (қыз) тегі/ ерекше мейірленді.